«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік органдарға сот шешімі әсер етпей ме?

2015 жылғы 05 Қараша
- Шымкент қаласы
14805 просмотров

Мемлекеттік органдар кәсіпкерлер пайдасына қабылданған сот актілерін орындамайды

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысында мемлекеттік билік органдарының сәйкес сот шешімі бар бола тұрса да, әрекеттері мен әрекетсіздіктері үшін жауап бермейтіні туралы сөз болды. ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мемлекеттік органдардың кәсіпкерлер пайдасына қабылданған сот актілерін орындама» жүргенін жеткізді.

Палата сарапшылары жүргізген мониторинг көрсетіп отырғандай, ОҚО сот орындаушыларының аудандық бөлімдерінде (үстіміздегі жылдың қыркүйегіне дейінгі ахуалы бойынша) әлі күнге дейін орындалмаған жалпы сомасы 136 330 145 теңге көлеміндегі кәсіпкерлер пайдасына жасалған сот шешімдері жазылған 18 атқару парағы жатыр.

Қарызгерлер арасында – ОҚО Сайрам ауданының әкімдігі. Сот аталмыш әкімдіктен Әнуар Ахымбековтың пайдасына белгілі бір соманы өндіртуді жүктеген. Сот шешімі 2014 жылғы желтоқсан айынан бері орындалмай келеді.

2013 жылғы шілде айынан бері Жамбыл облысы ауданаралық экономикалық сотының Түркістан қалалық поликлиникасынан «В.Е.К.» ЖШС пайдасына сома өндіру туралы шешімі бір орыннан жылжыр емес.

«Шымкент қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ атына көптеген шағымдар айтылды. Мемлекеттік мекеме 2014 жылғы ақпан айынан бері «3-Энергоорталық» АҚ және «АТК-Құрылыс» ЖШС пайдасына төлем жасау туралы сот шешімін сөзбұйдаға салып жүр.

2014 жылғы қараша айынан бері ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Кентау Сервис» МҚК-нен «Центр Энергомеханизация» ЖШС пайдасына сома төлету туралы шешімі орындалмай келеді.

Сот актілерінің жылдар бойы созылып орындалмай келе жатқаны Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес мүшелерінің ашуын тудырды. Ал заңды күшіне енген сот шешімінің орындалмауы қоғам алдында мемлекеттік билік органының беделін түсіреді және заңмен орнатылған жауапкершілікке әкеледі.

Отырыста Палатаның мақсаты мен бағыты – кәсіпкерлерді бұзулардан, соның ішінде мемлекеттік органдардың немесе жекелеген билік өкілдерінің тарапынан болатын бұзулардан қорғау, бұзылған құқықты қайта жаңғырту және болашақта қайталанбау үшін мемлекеттік мекеме жұмысындағы қателіктер мен кемшіліктерді көрсету екені тағы бір еске салынды.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы облыстық Әділет департаментімен бірге сот актілерінің орындалмау себебін анықтамақшы. Егер орындалмауға себепті негіз болмаса, материалдар прокурорлық жауап қату шараларын қолдану үшін прокуратура органына табысталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер