«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Техникалық шарт алу мәселесі шешілді!

2015 жылғы 23 Қазан
- Шымкент қаласы
14917 просмотров

ОҚО КП әзірлеп шыққан бос жатқан энегрия қуаттары электронды картасы бизнесмендердің техникалық шарттарды әуре-сарсаңсыз алуына көмектеседі

Түркістандық кәсіпкер Марат Майқұтов туған қаласында ірі сауда үйін салуға бел буады. Болашақ нысанға электр энергиясын тартуға техникалық шарт алу үшін ол жергілікті аудандық электр желілеріне жүгінеді. Онда объективті ақпарат ала алмаған соң, бірнеше шақырымды алатын электр торабын өз есебінен тартуға тура келеді деп шешеді. Ал бұл – кәсіпкер үшін орасан зор шығын. Содан ОҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді. Палата сарапшылары электронды карта көмегімен санаулы уақыт ішінде электр энергиясына қосылуға болатын ең жақын жатқан нүктені көрсетіп берді. Осылайша, кәсіпкер техникалық шартты жылдам әрі қаржылай шығынсыз алды.

Осы жылдың көктемінде ОҚО Кәсіпкерлер палатасының «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС энергиямен жабдықтаушы компаниясымен бірге Бос жатқан энергия қуаттарының электонды картасын дайындап, қолданысқа енгізгенін еске саламыз. Онда әрбір аудан, қала мен ауылдың энергетикалық әлеуеті жайлы барлық ақпарат шоғырланған. Бағдарды алып барсаңыз болды - карта ол жерде энергия қуаты резервінің бар-жоғын айтып береді. Электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарт алудың ұзақ уақыт бойы бизнес үшін нөмірі бірінші түйткіл болғаны құпия емес. Ал кез-келген бизнес нысанының жұмысы электр желісіне қосылуан басталады. Аталмыш Карта құрылғанға дейін кәсіпкерлерде қолда бар бос жатқан және тапшы табиғи моноплия субъектілерінің қуаттары жайлы объективті, жалпыға ортақ ақпарат болған жоқ. 

Бұл жаңалық зауыт, мини-цех салуды немесе басқа өндірісті іске қосуды ойластырған тұтынушының міндетін едәуір жеңілдетті. Карта санаулы уақыт ішінде нақты орында желіге қосылу мүмкіндігінің бар-жоғынан хабар беріп, ол қуаттардың жаңа өндірістер салуға мүмкіндік беретін-бермейтіндігін анықтап береді, осылайша салынуға жоспарланған нысандардың, сонымен бірге әдеттегі тұрғын үйдің  орнын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.

«Электронды базаны жүргізу бизнесмендер үшін тиімді әрі аталмыш мәселеде сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. Еркін энергия қуаттары жайлы деректер алғысы келген барлық бизнесмендерді ОҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге шақырамыз, - деді ОҚО КП әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі департаментінің басшысы Тимур Нақыпбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер