«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкент Қазақстанның кәсіпкерлік орталығына айналуға тиіс

2015 жылғы 19 Қазан
- Шымкент қаласы
19463 просмотров

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған кездесуде бизнесмендер мен қала билігі осындай ойға келді.

Шымкент қаласының жаңа әкімі Ғабидолла Әбдірахимов кәсіпкерлермен күнделікті өмірлерінде кездесіп отыратын түйткілдерін талқыға салды.

Экономикамыз үшін күрделі кезде өсу үшін жаңа нүктелер мен резервтерді тауып отырған маңызды, деп айтылды кездесуде. Шымкенттің алдында еліміздің үшінші қаласы, кәсіпкерлік, сауда орталығы, тұрғындар үшін ыңғайлы әрі қонақтар үшін тартымды заманауи мегаполис атану міндеті тұр. Бұл оңай міндет болмаса да, орындалары анық. Және де шымкенттіктерде оны орындауға қажет мүмкіндік баршылық: Шымкенттегі кәсіпкерлік айтарлықтай белсенді дамуда, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өсіп келеді. Тұрғындардың жартысына жуығы  жеке меншік секторда еңбек етеді. Бизнесмендердің қала билігіне қояр сұрақтарының да көп болуы қисынды.

Жарнама агенттіктері қауымдастығының төрағасы Ерлан Әлиев жаңадан әкім келген сайын жарнама конструкцияларына қойылатын талаптардың өзгеріп отыратынына назаланды. Ал бұл бизнес үшін жаңа шығын, осының нәтижесінде жарнама компаниялары банкрот та болып жатыр. Салық аударымдары да жарнама билбордтарының мөлшерлеріне тәуелді: конструкция мөлшері үлкейген сайын бюджетке түсім көлемі де артады. Бірақ қаланың бұрынғы басшылары эстетика тұрғысынан келіп, үлкен жарнама конструкцияларын орналастыруға тыйым салған. Кәсіпкер қазіргі қала әкімінің осы мәселенің шешімін табарына сенім білдірді.

Қалаға жаңа ыңғайлы автобустар алып келген «Грин Бас» көлік фирмасының директоры Бауыржан Күлешов ескі қозғалыс құрамын толығымен өзгерту мәселесін көтерді. Компания бұдан кейін де автобус паркін жаңартуға дайын, бірақ үш жыл бойы өзгермеген қоғамдық көлікте жол жүру құны көтерілген жағдайда ғана. Елдегі ең төмен бағалардың бірі – 50 теңгелік тариф жолаушылар тасымалы саласының тиімді болуына бөгет жасайды. 

«Арнес-центр» ЖШС бас директоры Әділхан Исабаев жер қатынастары және жер комиссиясы бөлімінің қызметіне байланысты түйткілдерді қозғады. Бүгінгі таңда жерді егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа қағидалары бекігенге дейін сатып алып, енді құрылыс жүргізе алмай отырған бизнесмендер зардап шегуде. Жаңа талаптарға сәйкес, жер телімінің жанында міндетті түрде жол және басқа да инфрақұрылым нысандары болуға тиіс. Осылайша, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын дайындау кезінде ағымдағы жағдай ескерілмейді. Бизнесмен өңірдегі бизнес-белсенділіктің тұрақты  өсуі үшін және жаңа кәсіпорындарды іске қосу үшін қолда бар энергия ресурстарын модернизациялап, жаңа энергия көздерін салу керектігіне ерекше назар аударды.

Отандық өнімді өткізуге қолдау көрсету туралы бірден бірнеше кәсіпкер жүгінді. Мысалы, «Ордабасы кұс» ЖШС директоры Мұрат Тағаев, егер қала билігі көмектессе, қаладағы барлық мектепке дейінгі және мектеп мекемелерін күркетауық етімен қамтамасыз етуге дайын екеніне сендірді.

Нарықты дедолларлау түйткілі де қозғалды. Шымкентте келісімшарттар мен сатулар көбіне шетелдік валютамен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер қала аумағындағы қаржы операцияларын тек теңгемен ғана іске асыруға үндеді.

Қала әкімі айтылған түйткілдердің барлығын түртіп алды және белсенді жұмысқа кірісетінін, қала кәсіпкерлігінің алдынан шығатын кедергілерді барынша жоюға дайын екенін білдіре отырып, мәселені жеке бақылауына алды.

«Шымкенттің мегаполиске айналуы – жай ғана сөз емес, бұл ең алдымен бинес үшін аса зор мүмкіндіктер. Оны пайдаланып қалу керек»,- деп атады ол бизнесті адал жұмыс жасауға, табыстарын көлеңкеден шығарып, салық төлеуге шақыра отырып. Ал өз тұрғысынан Палатамен бірге кәсіпкерліктің жұмыс жасауына ыңғайлы жағдай жасауға бар күшін салатынына сендірді.

Кездесуге қатысушылар ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әубәкіровтың Шымкент қаласын Қазақстанның кәсіпкерлік орталығына айналдыру жайлы идеясына қолдау көрсетті. Ол Палатаның бүгінгі таңда энергиямен жабдықтау ұйымдарымен, мемлекеттік табыс департаментімен, жер комитетімен, сәулет және қала құрылысы бөлімімен жұмыс жөніндегі мобильдік келісімшарт топтарының көмегімен әкімшілік кедергілермен күресіп жатқанын жеткізді. 2015 жыл басынан бері осындай келісімшарт топтарының жедел жұмыс жасауының арқасында кәсіпкерлердің 36 мәселесі оң шешім тауып, кәсікерлер 215 млн. теңгені үнемдеп қалған. 

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен Шымкент қаласының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар бизнес жүргізу жолында кездесетін әкімшілік кедергілерді жеңу жөніндегі өзекті мәселелерді бірлесе шешуге келісті. Меморандумда бизнес пен билік арасындағы ынтымақтастықтың бірлесе күш жұмсай отырып алға жылжытылуға тиіс басты мәселелері аталды. Бұл, бірінші кезекте, кәсіпкерлер құқығын қорғау, әкімшілік кедергілерді төмендету, кәсіпкерліктің мемлекеттік сатып алуларға біршама кеңінен қатысуы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер