«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Экспо-2017» көрмесіне арналған тоқыма

2015 жылғы 09 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
15782 просмотров

Қазақстандық тоқымашылардың түйткілдерін шешуге жеңілдіктер көмектеседі

Оңтүстік-қазақстандық «South textiline.kz» компаниясы «EXPO 2017» көрмесіне қатысуға және өткізуге дайын, алайда фирма директоры Гүлнара Садықбекова халықаралық көрмеде отандықтың орнына қытай, түрік және қырғыз тоқымасы қатысады деп қауіптеніп отыр. Дей тұрғанмен, оңтүстік-қазақстандық тоқыма фабрикасының өнімі бәсекеге қабілетті, себебі Бельгия, Германия және Швейцариядан әкелінген заманауи тоқыма жабдықтарымен жарақталған. Компания шығаратын төсек-орын тысы, түкті орамал, халаттар, сүлгілер және көптеген басқалары сапасы жөнінен шетелдік дүниелерден кем қалмайды. Компания жыл сайын өндірілетін өнімінің 80%-дан астамын ТМД, Балтық жағалауы және Батыс Еуропа елдеріне экспорттайды. Өнімнің бір бөлігі қазақстандық нарықта өткізіледі.

Гүлнара Садықбекова «Экспо-2017»  көрмесіне тапсырыстармен қамтамасыз етуде көмек сұрап өңір кәсіпорындарын жұмыс сапарымен аралап жүрген Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіровке жүгінді.

«Оңтүстік Қазақстан облысының барлық тоқыма өндірістері орталықтанған түрде, Палата арқылы «Астана-Экспо-2017» Ұлттық компаниясының басшылығына өңірдегі тоқыма компанияларын халықаралық көрмені өткізуге барынша тартуды сұрап жүгінсе деймін», - дейді Гүлнара Садықбекова.

Бірақ, директор атап өткендей, тоқымашылар арасында бәсекелестік болмауы керек – тапсырыс көлемі бәріне де жетеді!

Ең бастысы, отандық кәсіпкерлердің «Экспо-2017» сияқты көлемді іс-шарадан тыс қалып қоймауы. Оған қатысу дегеніміз – бұл кепілдікті салық, зейнетақы аударымдары, жаңа жұмыс орындары, бұл экономикалық дағдарыс жағдайында аса маңызды. Ал жергілікті тауар өндірушілер үшін өндіретін өнімінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру мүмкіндігі.

Кездесуде тоқыма өндірісінің мемлекет тарапынан назар аударуды, қолдау мен дотацияларды қажет ететін басқа да өзекті мәселелері қозғалды.

«Біздің фабрика мемлекеттік артықшылықтар әрекет ететін индустриялық немесе арнайы экономикалық аймақта орналаспаған, сондықтан да тоқыма салалсының кәсіпорындары жеңілдікті салық салу, кеден баждарын төмендету және т.б. сияқты қолдау алып тұру үшін, заңнамалық деңгейде өзгертетін дүниелер бар,» - дейді Гүлнара Садықбекова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер