«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» туы ел оңтүстігіндегі тау шыңына тігілді!

2015 жылғы 04 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
18899 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының нышаны тау шыңында желбіреп тұр

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының бір топ қызметкерлері ОҚО тау жотасының ең биік нүктесі – Сайрам шыңына шықты. Бұл биіктігі теңіз деңгейінен алғанда 4238 метр болатын тау шыңы – Ұғам жотасының ең биік нүктесі.

Қазақстанда одан да биік таулар бола тұра, алуан түрлі санатты күрделі бағыттар дәл осы шыңнан өткен.

Палата қызметкерлері тауға шығуды Конституция күніне және елімізде кеңінен аталып өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығына арнады.

Күрделі жер бедері, температура айырмасы, биік жартасты беткейлерді айтпағанда, қайта-қайта жауған жаңбыр, бұршақ, одан кейін түскен тұман жорыққа қатысушылардың ерекше жаттығуын қажет етті.

«Көптеген альпинистер, онда қатаң жағдайларда қимылдайтын болғандықтан, тауда төзімді болу керек деп санайды. Марат Сафин әлемдегі биіктігі жөнінен алтыншы сегіз мың метрлік – Чо-Ойюға шыққысы келіп еді ғой, естеріңізде ме? Ол 5700 метр биіктіктегі базалық лагерьге дейін жетті де, тау шыңына бар-жоғы үш шақырым қалғанда кері қайтты. Демек бастысы дене даярлығы емес», - деп есептейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының қызметкері, кәсіпқой альпинист Павел Потехин.

Павелден басқа жорықшылардың барлығы алғаш шығушылар. Бұл да тауға шығу – биіктікті бағындыру ғана емес, ең алдымен, өзіңді-өзің бағындыру деген тұжырымды растап отыр.

«Жүрегіміз сыртқа шығардай боп, өкпеміз қанға оттегін толтыруға тырысты. Соңғы метрлерді күресе жүріп бағындырдық», - деп еске алды жорыққа қатысқан ОҚО өңірлік Палатасының кадрлар жөніндегі маманы Абай Алпысов.

Алғашы шығушы – Алтынбек Керімқұлов пен Шыңғыс Бейсенов 3 мың 300 метр биіктікке көтерілді. Абай Алпысов 3 мың 800 метр биіктікті еңсерді (бұл алғаш шығушылар үшін батырлыққа барабар).

Павел Потехин Сайрам шыңының өзіне көтеріліп, оған жеңістік, табандылық пен қиындықты жеңудің белгісі ретінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының туын тікті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер