«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жеңілдікті кредитті қалай алуға болады?

2015 жылғы 17 Тамыз
- Шымкент қаласы
17040 просмотров

Ауыл кәсіпкері Палатаға жүгінгеннен кейін бизнесін кеңейтуге 12 миллион теңге алды

ОҚО Отырар ауданы Арыс ауылының тұрғыны Сәрсенбек Үркімбаев Кәсіпкерлер палатасына алғаш рет осы жылдың маусым айында келді. Көтерме-бөлшек саудада 20 жылдан астам еңбек еткен жеке кәсіпкер көлік қызметтерін көрсету саласын жан-жақты игеруге бел буыпты.

Жеке нүктесі (дүкен және қойма) пайда болғанға дейін ол шағын көлігімен көтерме сатып алушылардың дүкендеріне, сауда нүктелеріне, базарларға тауарлар жеткізіп тұрған. Уақыт өте келе сұраныс өседі. Тауарлары өткізілетін орынға жеткзілуге тиіс тапсырыс берушілер қатары көбейе берді. Қосымша жүк көлігін сатып алу қажеттілігі туындайды.

Оның үстіне, бизнесменге Жамбыл және Қызылорда облыстарынан пайдалы тапсырыстар түсе бастайды. Ол «DAF» үлкен көлемді жүк машинасын сатып алған кезде ОҚО бойынша ғана емес, күллі Қазақстан бойынша және ТМД аумағы бойынша қызмет көрсетуді жоспарлаған еді.

Бұрын кәсіпкер кредит алу үшін банктерге бірнеше мәрте жүгінген болатын, бірақ одан түк шықпайды. Сәрсенбек Үркімбаев ОҚО Кәсіпкерлер палатасының Отырар аудандық филиалына жүгінеді. Мұнда оған бизнес-жоспар даярлауға көмектеседі, мемлекеттік бағдарламалар бойынша консультация береді, жобасын толығымен сүйемелдейді. Осылайша, кәсіпкер соңында «Форте Банк» АҚ-ға жүгінеді.

Банк мамандары есептеулерді талдап шығып, жоба тиімді болып табылады, жеткілікті деңгейде жоғары техникалық-экономикалық көрсеткішке ие, кәсіпкердің табыс табуына және қарыз қаражатын уақытында өтеуге мүмкіндік береді деген қорытынды жасайды.

Жеке кәсіпкерге «Даму: өңірлер 3» мемлекеттік бағдарламасына қатысумен, жылдық 14% сыйақы мөлшерлемесімен, 84 айға 12 млн теңгеге қайта жаңғыртылмайтын кредит желісін ашып береді.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен облыстағы қаржы институттары 2015 жылғы шілде айында ғана 478,6 млн. теңге сомасына 137 бизнес-жобаны мақұлдаған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер