«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Төрт өндіріс – бір өткізу нарығы

2015 жылғы 02 Шілде
- Шымкент қаласы
16284 просмотров

ОҚО төрт өндірушісі -  «LAK-PAINTS», «Электрокомплект» ЖШС, «Оңтүстік Қазақстан» және «Леңгір» машина жасау зауыты «Шымкентцемент» АҚ тұлғасындағы жаңа өткізу нарығына ие болды. Бұл ОҚО Кәсіпкерлер палатасының жүйе түзуші кәсіпорындар сатып алуларындағы қазақстандық мазмұн үлесін арттыру жөніндегі ұқыппен жүргізген жұмысының нәтижесінде орын алып отыр. Палата 30 оңтүстік-қазақстандық тауар өндірушіге өнеркәсіптік алыптар – «Шымкентцемент» АҚ және «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС бас модернизациялау мердігерлерінің сатып алулар тізбесін таныстырды. Аталмыш жиналыс қорытындысы бойынша ОҚО-да өндірілетін және зауыттарды модернизациялауға қажет өнімдерді жеткізуге ынтымақтастық туралы 11 меморандумға қол қойылды.

Бүгінгі күні 6 меморандумға қол қойылып отыр. Олар бойынша отандық өндірушілер «Шымкентцемент» зауытына 20 миллион теңгеге лак-бояу материалдарын, электрлі-шоғырсымды жабдық, металл прокат және металл бұйымдар жеткізеді. Осылайша жергілікті мазмұнның кем дегенде 20 пайызын қамтамасыз ету жөніндегі шетелдік компания алдына қойылған шарттар толығымен сақталып қоймай, артығымен орындалды: «Шымкентцемент» АҚ және «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС сатып алуларындағы жергілікті сатып алу үлесі 60 пайызды құрап отыр.

«Қазір Палатаның басым күші өңір кәсіпорындары сатып алуларындағы жергілікті мазмұнды қамтамасыз етуге бағытталған. Палата алаңында тауар өндірушілер, қызмет көрсетушілер және жүйе түзуші компаниялар арасындағы екі жақты кездесулерді үнемі өткізіп тұрамыз», - деп атады ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұрлан Кәбіштаев.

Цемент зауытын модернизациялау 1958 жылдан бері бірінші рет өткізіліп отыр. Бұл өндіріс процесі мен инновациялық жобаларда көбінесе энергияның қайта жаңғыртылатын көздерін қолдануға бағытталған заманауи технологиялар мен пайдалану стандарттарын қолдану есебінен қазақстандық цементті бәсекеге қабілеттіліктің жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер