«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Балалар бақшасы

2015 жылғы 26 Маусым
- Шымкент қаласы
21443 просмотров

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында Перизат Нұрымбетова заманауи балалар бақшасын ашу үшін 9 млн 650 теңге мөлшерінде кредит алды. Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Аққұм ауылының кәсіпкері өз күшімен балабақша құрылысына кірісуге шешім қабылдайды, бірақ ақша жетіспеушілігі салдарынан құрылыс тоқтап қалады.

Перизат өз идеясын жүзеге асыру үшін Кәсіпкерлікті қолдау орталығына жүгінеді. Орталық мамандары кәсіпкердің өтінішін қарап шығып, балабақша ашу үшін заңды тұлға ретінде тіркелуді ұсынады. «Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгініп, жеке бизнесімді дамытуға қажет пайдалы ақпарат алдым», - деді Перизат Нұрымбетова.  Нәтижесінде 2015 жылғы 3 наурызда «Ақ жұлдыз» ЖШС ресми түрде тіркеледі. Бұдан кейін мамандар қаржылай талдау жүргізіп, ол үшін жасақталатын жұмыс орындарын, сондай-ақ тәрбиелеу процесі мен әрбір бала күтіміне қажет шығыстарды ескере отырып бизнес-жоспар дайындап береді.

Жобаны жүзеге асыру үшін банк бөлген 9 млн. 650 мың теңге балабақша ғимаратының құрылыс жұмыстарын жаңартуға бағытталады. Аталмыш бизнес-жоспар «Даму» қорында таныстырылды, осыдан кейін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қаржыландыру мүмкіндігіне ие болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер