«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тұйық шеңберден шығар жол

2015 жылғы 16 Маусым
- Шымкент қаласы
17314 просмотров

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының арқасында «Бірлік Отан» ЖШС 13 миллион теңге субсидия бөлінуіне қол жеткізді.

Фирма 2011 жылдан бері жабық топырақта көкөніс өсірумен айналысады, және жыл сайын аумағы 4,6 гектар болатын жылыжайға мемлекеттен дотация алып тұрады. Биылғы жылы Шымкент қаласы әкімі ауылшаруашылық бөлімі жанындағы ведомствоаралық комиссия фирманың субсидия алуынан бас тартты, себебі жылыжай мен жер теліміне құқық орнатушы құжаттар ұсынбаған. «Бірлік Отан» ЖШС басшысының құқық орнатушы құжаттардың барлығы фирманың лизинг берушісі – «Оңтүстік» Қаржылық компаниясы» АҚ-да жатқаны және лизинг міндеттемелері толық жабылғанға дейін берілмейтіні жайлы дәйектеріне құлақ асырылмайды. Шеңбер тұйықталды. Фирма басшысы ОҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді. Сарапшылар жағдайдан шығар жолды жылдам тапты.

«Оңтүстік» Қаржылық компаниясы» АҚ-мен жүргізілген келіссөздер барысында мынадай келісімге келдік – лизинг берушіге субсидия төлеу, ал ол өз кезегінде түскен соманы «Бірлік Отан» ЖШС есептік шотына қайта жолдайды, - дейді ОҚО КП АӨК бөлімінің сарапшысы Смадияр Мырзахметов.

Сонымен қатар, Палата «Атамекен» ҰКП АӨК комитетінің хатшылығына қаржылай лизинг шартымен сатылып алынған жылыжай кешенін субсидиялау ережесіне өзгертулер енгізу туралы ұсыныс жолдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер