«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өзара мүдделестер

2015 жылғы 02 Маусым
- Шымкент қаласы
15032 просмотров

ОҚО Кәсіпкерлер палатасында өткен баспасөз-конференциясында компания директоры Ин Кий Шянь осы жайлы хабарлады. Инвестиция ОҚО Бәйдібек ауданында қызмет етіп тұрған «Қазтравертин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне салынады. «Бізді жергілікті травертиннің сапасы қызықтырып отыр. Ол жоғары беріктігімен, эстетикалық қасиеттерімен ерекшеленеді, - деп атады ол. – болжамды қайта өңдеу қуаттылығы жылына бір миллион шаршы метр травертин».

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Дулатовтың айтуынша, құрылыс тасын қайта өңдеуде салмақты тәжірибеге ие комапниямен ынтымақтастық оңтүстік-қазақстандықтар үшін қытайлықтардың жаңа технологиялар енгізуге дайын болуымен де пайдалы. Травертинді біздің тәжірибемізбен қопару әдісімен өндіру онша үнемді емес. Оның негізгі кемшілігі – материал бүлінуінің көп пайызда болуы: қалдықтар өндірілген көлемнің үштен біріне жетіп жататын кездер жиі орын алады. Сондықтан да ең тиімді әдіс ретінде тас кесу әдісін енгізу болжанып отыр.

Қытайлық компания инвестициялауды көздеп отырған екінші жоба – Сайрам ауданында етті қайта өңдеу жобасы. Бұл толық цикл: мал өсіру, семірту, сою және қайта өңдеу. Сонымен қатар, Ордабасы ауданында трактор зауытын салу туралы келісімге қол жеткізілді. Қытай компаниясы бұл жобаға да соңғы өнімді арзанырақ әрі сапалырақ ететін жаңа технологиялар енгізбекші.

Аталмыш жобаларды жүзеге асыру үшін бірлескен өндірістер құрылады. ОҚО Кәсіпкерлер палатасы инвесторларға бірлескен кәсіпорын ашуға және оларға кепілдік беруге болатын отандық компанияларды ұсынуға ниет білдіруде. Олардың бірі – «Қайып ата» ЖШС. Ол мал шаруашылығы және етті қайта өңдеу, сондай-ақ мейрамхана бизнесі сияқты бірнеше бағытта табыспен еңбек етеді. Палата сонымен қатар жергілікті атқару органдарының жобаларды іске асыру үшін әрі инфрақұрылым жүргізуге жер беру мәселесінде жәрдем көрсететін болады. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер