«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ТЖ кезеңінде жұмыскерлерге 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы қалай төленеді?

2020-04-01

  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушы болып саналатын орта, шағын және микро бизнестің жұмыскерлеріне қарастырылған. Жұмыс беруші Жұмыспен қамтудың жергілікті органына “Электронды үкімет” веб-порталында “Электронды өтінім” беруі керек. Өтініштер негізінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб жұмыс берушіге әлеуметтік қолдау беру туралы шешім қабылдайды, ал “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлем жүргізетін жұмыскерлер тізімін қалыптастырады.   

  “Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясынан оператор кеңес беруі бөлімде жақын күндері пайда болып, өтінішті онлайн беруге мүмкіндік жасалады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қолдану керек.  Толық ақпаратты Еңбек министрлігінің колл-орталығынан 1411 немесе “Азаматтарға арналған үкімет” колл-орталығынан 1414 білуге болады. 

Еңбек министрлігінің ресми сайтында мемлекеттік қызметке онлайн өтініш беру нұсқаулығы шықты. 

(1.04-не өзекті ақпарат) 

 


Вернуться ко всем вопросам

Еншілес ұйымдар

Серіктестер