Дәл осы бағытта өндірушілерді біріктіру және мамандандыру үшін бізге ауылдағы кооперацияларды дамытумен қатар мемлекеттің көмегі қажет. Бұл тұтынушыға да пайдалы. Айталық, тауарлардың өндірушіден қалаға жеткенге дейінгі тізбегін сараптау өнімнің 20-40%-ға дейін қымбаттай беретінін көрсетті. Осыған орай, «Атамекен» ҰКП өнімді тікелей өткізу мақсатында сауда желілері мен ауылшаруашылық кооперативтері арасындағы ынтымақтастық құруға келіп тірелетін тәсілді ұсынады. Біз мұндай жобаны Алматыда бастап кеттік, және бұл модельді басқа қалаларда да ілгерілетуге ден қоямыз. Біз мұнда сауда желілері мен ауылшаруашылық кооперативтері арасындағы сауданы дамытудың үш кезеңін белгіледік.
Бірінші кезеңде фермерлерді кооперативтерге біріктіру көзделеді, сонда өндірістің мамандануы және желілермен тікелей сауда тереңдей түседі.
Екінші кезеңде – фитосанитарлық және ветеринарлық бақылаудан өтуі тиіс, тиімді өңіраралық қайта бөлініске түсетін ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, қаптау, сақтау, тасымалдау және сатып өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға арналған пилоттық Көтерме-Тарату Орталығын (КТО) құру. Үшінші кезең – енді бүкіл Қазақстан бойынша өңірлер арасында өнімді тарату және сыртқы өткізу нарығына экспорттау үшін КТО-ның тиімді желісін құру, көрші мемлекеттердің осыған ұқсас желілеріне интеграциялау. Халықаралық тәжірибе бойынша, көптеген табысты нарықтар мемлекеттік қаражаттың есебінен қалыптасты және мемлекеттік меншікке жатады. Сол себепті біз мемлекетке аграрлық өнімді тікелей өткізу жүйесін қалыптастырудың интеграторы болуды ұсынғалы отырмыз. Біз Алматы қаласының ірі сауда желілерімен: Рамстор, Магнум, Арзан, Алма, КарФур, Метромен консультациялар өткіздік, және де түсіністік пен қолдау таптық және сұхбаттасуға дайын екендіктерін білдік. Бүгінгі таңда 11 кооператив құрылып үлгерді, олар сол сызба бойынша жұмыс істеуге дайын, алдағы уақытта олардың саны көбейе түседі. Оның ішінде Қазақстанның басқа өңірлері де бар. Мұндай модель жұмыспен қамтудың артатынын, ауылшаруашылық өндірісінің дамуын, өз өнімдерімізбен қамтамасыз етуді білдіреді.
Жауапты таппадыңыз ба? Бізге cұрақты жіберңіз, біз оған нақты жауап береміз!
Получить консультацию можно позвонив в контакт-центр НПП РК «Атамекен» 1432