АТЖ – селекциялық асыл тұқымдық жұмыстың бірыңғай ақпараттық базасы. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолға алып, мал түрлерін сатып алғыңыз келсе, (АТЖ) бірыңғай ақпарат базасына тіркеліп, қандай мал түрін (ірі қара мал, қой, жылқы, түйе, шошқа шаруашылығы) белгілеу керек.
Тіркелу кезінде кәсіпкер жеке бас мағлұматтары (аты-жөні, ЖСН, т.б.) кәсіпкерлігінің бағыты, шаруашылығының аты, тұрғылықты мекен-жайы туралы ақпарат беруі тиіс. Асыл тұқымды малды қандай мақсатпен сатып алғысы келетіні туралы да жазу қажет.
Тіркелу үшін: Асыл тұқымдық жұмыстың бірыңғай ақпараттық базасы - www.plem.kz.
Жауапты таппадыңыз ба? Бізге cұрақты жіберңіз, біз оған нақты жауап береміз!
Получить консультацию можно позвонив в контакт-центр НПП РК «Атамекен» 1432