«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Миллионның жүгі қандай?

2018 жылғы 13 Маусым
- Шымкент қаласы
4886 просмотров

Миллион тұрғыны бар қала – бұл бизнесті дамытуға қуатты серпін беретін ерекше мәртебе, деп санайды ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров.

Үш миллион тұрғыны бар Оңтүстік Қазақстан облысы, шын мәнінде тарихи өзгерістерді сезінуде: таяуда Елбасы Шымкентті миллион тұрғыны және республикалық маңызы бар қала деп мәлімдеген болатын. Шымкенттің тұрғындарына, әсіресе кәсіпкерлік субъектілеріне тұтастай алғанда халқы жеті таңбалы санмен көрсетіп, жаңа мәртебе беретін Қазақстанның маңызды оңтүстік қаласы түріндегі жаңа бейнесі не бермек?

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіровтің ойынша, миллионды қала, шын мәнінде бизнеске республикалық және ұлттық бағдарламалар мен жобаларға қатысуға мүмкіндік беретін ерекше мәртебе. Сонымен қатар, мегаполис мәртебесі қалаға кәсіпкерлікті дамытуда қосымша қолдау көрсетуге және бизнесті несиелендіруге арналған арнайы, жеңілдетілген бағдарламаларға енгізуге жол ашпақ.

«Тұрғындар санының миллион болуы қала дамуының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Миллионды қалалар адам, еңбек, индустрия, мәдениет, экономикалық ресурстарды, әлеуметтік-экономикалық даму орталықтарының өздері үшін де, жақын маңдағы өңірлерді де тарту орталықтары болып табылады», – деді Асқар Әбубәкіров.

Қаланың миллионер болуы беделді мәртебе ғана емес. Палата директорының пікірінше, ірі мегаполистер алдында тұрған бюджеттік шығындарды анықтаудың барлық негізгі көрсеткіштері тұрғындардың санына негізделеді. Бұл – ауруханалар мен емханалар салу, балабақшалар салу, қаладағы жол желілерін және жылдамдықты көлік желілерін дамыту. Қазіргі кезеңдегі кейбір бағдарламалар миллионнан астам тұрғыны бар қалаларда ғана жүзеге асады.

Жаңа мәртебе Шымкентке инвесторларды белсенді тартуға көмектеседі. Миллион – олар үшін белгі болмақ, олардың жобаларын жүзеге асыру үшін бізде экономикалық және адамдық ресурстар бар. Өйткені көптеген фирмалардың іскерлік стратегиясы тек қана үлкен мегаполистерге арналған.

«Ірі инвестициялық компаниялардың өз ережелері бар: миллионнан астам тұрғындары бар қалаларға ғана қаржылық жобалармен шығу. Сондықтан Шымкенттің тұрғындары санының нақты көрінісі барлығымыз үшін айтарлықтай экономикалық дамуға ие болмақ. Яғни, Шымкенттің және ОҚО-ның инвестициялық тартымдылығының айтарлықтай өсуі байқалатын болады. Сонымен қатар, кез-келген экономикалық қозғалыс үнемі шағын және орта бизнес үшін өте тиімді. Қалаға ірі инвесторлар келеді, яғни жаңа кешендер және өндірістік нысандар пайда болады. Өз кезегінде ірі инвесторлар өз кәсіпорындарында жергілікті тұрғындардың жұмыс істеуіне қызығушылық танытуда. Көлік, жолдар, құрылыс индустриясы – бұл кез-келген қаланың дамуын бағалайтын критерийлер. Қала жақсарады, әдемі бола түседі, жайлы болады, және нақты мағынада ашық болады. Бұл бастамада бизнестің үлесі үлкен болмақ», – дейді Палата директоры.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер