«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының тұтқынына түскен кәсіпкерлер

2018 жылғы 21 Мамыр
- Шымкент қаласы
10636 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысның он шақты ауыл кәсіпкері төлеген несиелерімен бірге жоғалып кеткен шағын несие ұйымдары кесірінен өздерінің үйлерінен айырылып қалулары мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысының тақырыбы ауылдық кәсіпкерлер үшін қаржы институттары тарапынан туындаған кедергілерге қатысты өрбіді.

ОҚО Отырар ауданының шаруасы Бауыржан Агмановтың оқиғасы- ауылдық жердегі несие әрдайым гүлденудің жолы ғана емес, қаржы институттарының өздерінің кінәсі салдарынан кейде банкротқа ұшыраудың айқын мысалы болып отыр.

Кәсіпкер өзінен басқа тағы да тоғыз отырарлық шаруалар секілді  бастарынан аз қиындық өткізбеген, олар өздерінің шаруашылықтарын дамыту үшін 2009 жылы «Отрар Агро-Е» шағын несиелеу ұйымынан несие алған болатын. Несиелер бойынша кепілге олар, өздері тұрып жатқан жеке үйлерін қойған. Шаруалар көп уақыт бұрын осы несиелерді пайызымен қоса өтеген, алайда өздерінің мүліктерін әлі де қайтара аламай жүр. (Отрар Агро-Е берген анықтамамен дәлелденеді). Жақын арада олардың үйлері сатылымға шығарылмақ. Неге? Шаруалар алған несиелерін толығымен өтеді емес пе?

Осы сәттен бастап, «Отырар Агро-E» шағын несие ұйымы алаяқтық схемасы туралы айта кету қажет. 2009 жылы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ғы «Отырар Агро-Е»  шағын несие ұйымымен үш жылға шағын несиелеу ұйымына 20 миллион теңге несие беру жөнінде шағын несие ұйымымен келісім-шарт жасасқан. Бұл қаражатқа шағын несиелеу ұйымы шаруалар кепілге қойған үй жайлары негізінде несиелендіреді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен «Отрар Агро-Е» шағын несие ұйымы» ЖШС арасында кепілдік келісімшарт жасалды, онда кепіл алушы ретінде Қор, ал кепіл беруші ретінде Агмановты қоса алғанда барлығы он кәсіпкер,  және қарызгер Отрар Агро-Е болып табылады.

Осылайша, шаруалар барлық несие міндеттемелерін өтегеннен кейін, бұл шағын несие ұйымы шаруалардың ақшасымен қоса жоғалған. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры өз қарыз алушысы – «Отрар Агро-Е» тарапынан берешек міндеттемелерін орындамағандықтан, шаруалардың кепілдік мүлкін қайтарудан бас тартып, сонымен бірге оны соттан тыс жағдайда іске асыруға дайын.

«Кәсіпкерлер палатасы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына шаруалардың мүлкін жағдай толық анықталмайынша соттан тыс сатуды тоқтату шараларын қолдану туралы хат жіберді, бірақ Қордан ешқандай жауап болмады» – деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Сабира Адамбекова.

Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мәселені мұқият зерттегеннен кейін анықталған: «Отрар Агро-Е» ШНҰ» ЖШС – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының «еншілес компаниясы» болып шыққандығы  Кеңес мүшелерінің наразылықтарын тудырды.

«Неліктен өз бизнесін дамытуға несие алған және оларды нақты мерзімде өтеген шаруалар сіздердің еншілес компанияларыңыздың міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапты болуы керек?  Неліктен адал бизнесмендер сіздің еншілесініңіздің қарызын қайтармаудан зардап шегеді?» – деп Кеңес мүшесі Ғалымжан Орынов Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының заңгеріне сұрақ қойды.

Кеңестің мүшелері мұндай әрекеттерімен  бұл қаржы мекемесі бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды бұзуда және елдегі шағын және орта бизнес үлесін ұлғайту жөніндегі президенттік бағдарламаның құлдыратуда деп шешті.

Кеңес Палатаға «Отрар Агро-Е» ЖШС-нан берешектің қайтарылуын қарастыруды және кепіл мүлкін сатуды тоқтата тұруды тапсырды. Бас тартылған жағдайда, материалдар шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер