«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тез арада шешімін тапты

2016 жылғы 29 Қараша
- Шымкент қаласы
5125 просмотров

Кәсіпкердің мәселесі байланыс тобының арқасында бірнеше минутта шешілді

Жеке кәсіпкер Мирас Айнақұлов «КазТрансГазАймақ» компаниясынан оның кәсіпкерлік нысанына газ жіберу тоқтатылады деген хабарлама алады. Олардың айтуынша, тексеріс барысында газды есептейтін құрылғы мен газды қолдану құрылғысының қуаты сай еместігі анықталған. Оның үстіне жеке кәсіпкерге 4,143 миллион теңге айыппұл салынады. Компаниялар арасындағы келіссөздер нәтиже бермеді. Кәсіпкер компанияны сотқа беріп, оған салынған айыппұлдың заңсыз екенін дәлелдеуді, әрі оны жоюды талап етті. Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасынан да көмек сұрады.

Палата мәселені мемлекеттік мекемелер және монополист компаниялардың басшыларымен тікелей жұмыс істейтін байланыс тобымен бірлесе шешті. Палатаның сарапшысы Марлен Қалдаров телефонмен «КазТрансГазАймак» АҚ басшысымен байланысқа шықты. Келіссөздер кезінде газды ұзақ уақыт өшіріп қою мен айыппұлды талап ету кәсіпкерлік нысанның қызметін мүлде тоқтатып тастауы мүмкін екендігі айтылды. Ақырында тараптар бейбіт шешімге келіп, медиация бойынша дауды реттеуге келісті. 4,143 миллион айыппұлдың орнына кәсіпкер тек 1 миллион теңге төлейтін болды, оның үстіне бизнесменнің бұрын төлеп тастаған 41 мың теңге мемлекеттік баж салығын қайтарып берді. 

Кәсіпкердің мәселесі бірнеше минутта оң шешім тауып, ол ары қарай өз қызметін жалғастыра алды.

Шағымданушының өкілі К.Әбдірахманов Палатаға кәсіпкердің атынан Алғыс хат жіберіпті, онда кәсіпкер Кәсіпкерлер палатасы мен сарапшы Марлен Қалдаровқа өз құқын қорғағаны үшін зор алғыс білдірген.

Айта кетейік, байланыс топтарын ОҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендердің құқын қорғау, оларға тиімді көмек беру, жауапты мекемелер арасындағы мәселелерді күн құрғатпай шешу үшін құрған.

Бүгінгі таңда Кәсіпкерлер палатасының байланыс тобында энергиямен және газбен қамту ұйымдары, Мемлекеттік кіріс департаменті, Жер комитеті, Шымкент қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы, көлік мәселелері бойынша бөлімдері бар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер