«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мәселе санаулы минуттарда шешілді

2016 жылғы 12 Шілде
- Шымкент қаласы
8927 просмотров

Палата кәсіпкерлердің өтінімдеріне жаңа форматта жауап беру арқылы олардың мәселелерін жедел шешіп жатыр

Кәсіпкерлер палатасына Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің кінәсінен келеңсіз жағдайға тап болған «Аққұм» ЖШС көмек сұрай келіпті. Салықшылар фирманың банктік шоттарын бұғаттап, сол арқылы кәсіпорынның жұмысына тұсау салған.

Оған дейін Мемлекеттік кірістер басқармасы «Аққұм» ЖШС-ның мекен жайына жалған кәсіпорынның контрагенті ретінде камералды бақылау нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ескертпе жіберген. Салықшылар «Gis Solution+Consalting Almaty» ЖШС жалған кәсіпорнымен өзара есеп айырысу бойынша есептеуден ҚҚС мен ҰКС сомасын алып тастауды талап етеді.

Кәсіпкер ол ескертпенің талаптарын орындаған, яғни салық органына анықталған заң бұзушылықтар бойынша түсініктеме берген. Сонымен қатар, ол салықшылардың үстінен уәкілетті орган мен сотқа шағым түсіреді. Яғни бұл әрекеттің барлығы ескертпені тоқтатуы қажет еді. Алайда, осыған қарамастан, салықшылар оның шоттарын бұғаулайды, ол салық заңнамасының нормаларына қайшы келеді.

Кәсіпкерлер палатасы құрылтай басшыларымен және ұйымдармен тікелей жұмыс істейтін байланыс топтарының көмегі арқылы мәселені шешіп берді. Палата сарапшысы Майя Исаева ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті директорының міндетін атқарушы Ғалымжан Орыновпен телефон арқылы байланысты. Сөйлесу барысында жағдайды талқылап, салық органы әрекетінің бұрыстығын айқындады, сонымен қатар «Аққұм» ЖШС-нің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы қаулының күшін жоюды сұрады. Бірнеше минуттың ішінде салық органы басшысының атынан жауап келді, ол бойынша жоғарыда аталған қаулы қайтарылып алынғандығы белгілі болды.

Осылайша, кәсіпкердің мәселесі санаулы минуттардың ішінде шешілді, шоттар қамаудан алынып, фирма өз жұмысын жалғастырып кетті.

Естеріңізге сала кетсек, кәсіпкерлердің проблемаларын шешудегі жаңа форма – байланыс топтары. Оны Кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқықтарын бұзу деректеріне жедел жауап беріп, құзырлы органдар арасында хат жазысуға ұзақ уақыт сарп етпес үшін құрған болатын.

Бүгінгі таңда Палатада электр қуатымен және газбен қамтамасыз ететін ұйымдармен, мемлекеттік кірістер департаментімен, жер комитетімен, Шымкент қаласы әкімдігінің сәулет және қала салу бөлімімен, тасымалдау мәселелері бойынша жұмыс істейтін байланыс топтары бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер