«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мүлік тәркіленбейтін болды

2016 жылғы 19 Қаңтар
- Шымкент қаласы
6849 просмотров

ӨКП заңгерлік консультациясы инвестордың сот шешімін орындаудан құтылуына көмектесті

Өткен жылдың қараша айында Кәсіпкерлер палатасына «Хансоль Интернейшнл Ко» АҚ фирмасының өкілдері жергілікті заңнаманы білмеуінен туындаған түйткілмен жүгінген болатын.

Шетелдік фирма «Оңтүстік» Индустриялық аймағына мақтадан тігілген қолғаптар өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыру мақсатында шақырылған. Инвестор облыс аумағына өндіріске арналған жабдықтар мен құрамдастарды жеткізеді. Әкімдік уақытша қолдануға 0,85 гектар жер телімін бөледі. Инвестициялық артықшылықтарды көздейтін инвестицияларды мемлекеттік қолдау аясында инвестициялық жобаның өтінімін ҚР Инвестициялар және даму комитеті қарап, артықшылықтарға рұқсат алынады.

Инвестор инвестициялар туралы заңды зерттеп шығып, артықшылық алу үшін фирма филиалын емес, жаңа ЖШС құру қажет болғанын ескермейді әрі жабдық алу мекенжайы деп осы филиал белгіленген екен. Алайда бұл жағдайда салық жеңілдіктері болмайды. Сәйкесінше, инвестициялық компанияның жабдығы шекарада тұрып қалады, сондықтан да уақытша сақтау қоймасына тапсырылады. Жабдық пен құрамдастар онда 4 айдан астам уақыт жатып, кедендік ресімдеуден өте алмай қалады, ал инвестициялық фирма тауарларды өзге кедендік процедураға орналастыра алмай қалады да, осылайша ҚР Кедендік кодексі бұзылады. Мемлекеттік кіріс департаменті компанияны сотқа береді. Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Хансоль Интернейшнл Ко» АҚ фирмасын кінәлі деп тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартады (100 АЕК мөлшеріндегі айыппұл) және мүлікті тәркілеу туралы шешім шығарады.

Кәсіпкерлер палатасы заңгерлік консультация беріп, инвестор апелляциялық шағым береді. Инвестор мүддесін Палата заңгерлері танытқан апелляциялық сот мүлікті тәркілеудің күшін жою туралы шешім шығарды.

Инвестор жабдықты жақын арада алады және Палата кедендік артықшылық алу үшін инвестициялық жобаны толық сүйемелдейтін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер