«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлікті қолдау орталығы Мақтааралдың жас бизнесмендерін көтермелеуде

2015 жылғы 03 Шілде
- Шымкент қаласы
11967 просмотров

ОҚО ең шалғай оңтүстік өңіріндегі Кәсіпкерлікті қолдау орталығы үстіміздегі жылдың басынан бері 600-ден астам мақтааралдықтың бизнес жүргізудің бүге-шігесін ажыратуына көмектесті. Мұнда жергілікті бизнесмендер бизнес ашу және жүргізу, жеңілдікпен кредит алу, салық салу және бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша тегін консультациялар ала алды. Мақтаарал ауданы КҚО консультанты Талғат Бапаев ОҚО әрекетшіл аудандарының біріндегі кәсіпкерлер бойындағы әлеует жайлы әңгімелеп берді.

- Мақтааралдықтар көбінесе қандай мәселелермен жүгінеді?

- Бірінші кезекте, бизнесті ұйымдастырумен байланысты мәселелермен: ұйымдастыру-құқықтық форманы таңдау, салық салу жүйесінен бастап, заңды тұлғаны тіркеудегі қадам-қадамдық нұсқаулыққа дейін. Көптеген адамдар бизнесті жоқ жерден бастауға келеді. Олар үшін әрекеттер алгоритмін жазып береміз. Көпшілігінің кәсіпорындар ашып алып, одан әрі не істерін білмей жататыны құпия емес қой. Біздің айтарымыз: бизнесті тіркеуге асықпаңыздар, одан да қалай жұмыс жасайтындарыңызды, кімнің клиент болатынын, компания құрылымы жайлы ойлап алған дұрыс. Бизнесті тіркемей тұрып, осыны ойластырып алыңыздар.

Салықтық және бухгалтерлік есеп, бизнес жүргізудің жалпы үлгісін құру саласына қатысты мәселелер келіп жатады. Өтініштердің көп бөлігі кредиттеу және шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларымен байланысты. Бұл әсіресе кәсіпкердің жаңа жұмыс жасай бастауына орай. Бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары жайлы егжей-тегжейлі айтып береміз, туындаған сауалдардың барлығына жауап береміз. Клиенттің кредиттік тарихын нақтылаймыз, қай банкке жүгінген жөн екенін айтамыз. Орталықта кәсіпкерлерге қызметтердің кең аясы бір кеңседен көрсетіледі. Клиентімізге айналған көптеген кәсіпкерлер мұндай Орталықтың құрылуы ерекше қажеттіліктен туындағанын атап өтісті. Атап айтқанда, ісін бастаушы кәсіпкерлер үшін дұрыс тіркелуді білу, сонымен қатар мемлекет алдындағы өз міндеттемелерін және олардың орындалмауы қандай салдарларға әкелетінін білу аса маңызды.

Ауданның көп бөлігі аграрлық болып табылатындықтан, мал шаруашылығына жеңілдікпен кредит алуға жәрдем көрсетуді сұрап келетіндер көп.

- КҚО кәсіпкерлерге жеңілдікті кредит алуға қаншалықты жиі көмектеседі?

- Кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмыс жасай бастағаннан бері біздің көмегімізбен түрлі банктер және қаржы институттары жеңілдікпен кредит алуға 111 мақұлдау берді. Жақында ғана Мақтааралдағы жүк тасу компаниясының директоры Алмас Қожаназаров банктің тағы бір мақұлдауына ие болды. Ол өз бизнесін кеңейтуге және 10 млн теңге тұратын жүк машинасын сатып алуға шешім қабылдады. Біз оған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша консультация бердік. Онда пайыздарды төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін мемлекет жауып береді. Өтінімге сүйемел жасап, «Қожаназаров Алмас» ЖК жобасын ОҚО Өңірлік үйлестіру кеңесі мақұлдады. Кәсіпкер Ұлттық банктен 14 пайызбен 10 млн теңге көлемінде кредит алады, ал оның 10 пайызын мемлекет субсидиялайды.

- Бизнесті неден бастауға болатынын айтып берсеңіз.

- Біріншіден, өз қабілеттеріңе талдау жасап алу қажет. Көбісі келіп, «Немен айналыссақ екен?» немесе «Қай бизнес жақсы?» деген сауалдар қояды. Біз үнемі өз қабілетіңе жүгінуді – адамның нені қалайтынын, ойлау деңгейіне, біліміне, қабілеті мен кәсіби дағдыларына сүйенуді ұсынамыз. Сонымен қатар бастапқы кезеңде болашақ бизнестегі бағытының қандай бәсекелестері бар екенін, бизнесіңіздің бұрыннан келе жатқан бизнестер бағыттарынан қалай ерекшеленетінін түсіну қажет.

Бағытыңызды айқындап алған соң, схема құра бастаймыз: бұл ЖК не ЖШС бола ма, салық салу режимі қандай. Әрине, мүмкіндіктерді де айқындап алу қажет. Себебі әрбір кәсіпорын немесе компания – бұл капитал.

- Егер мақтааралдық кәсіпкер бейнесін сөз етер болсақ – ол қандай?

- Біріншіден, қазір жеке ісін ашып жатқан 23-30 жастағы жастар көп. Олар жұмысқа келіп, таңертеңнен кешке дейін отыру қалыпты жағдай болған социалистік қоғамда өспеген басқа буынның адамдары. Олар өз-өзіңе жұмыс жасауға болатынын түсінеді.

Бұл ерлер мен әйелдер үлесі бірдей деуге болатын жас бизнес. Көптеген нәрестелі жас аналардың бизнесті бастауға қорықпайтынын айта кету керек. Жүгінушілер арасында 60-тан асып кеткен адамдар да көп. Зейнеткерлікке шығып алып, олар бизнеспен айналысқылары келеді.

Алайда ең бастысы мынада: халықтың сауаттылығы көтерілуде, адамдар бизнес-процестерді зерттейді, кітап, қажетті бизнес-әдебиетті оқиды. 100% даяр болып келетіндер де баршылық. Есеп-қисаптарын, бизнес-жоспарларын көреміз. Менің ойымша, бұл өте жағымды тенденция.

- Сіздің ойыңызша, өңірлеріңізде шағын және орта бизнес үшін қандай кедергілер бар?

- Алғашқы түйткілдердің бірі – бұл қаржыландыру. Бизнесті бастар сәтінде кәсіпкерге бастапқы капитал қажет, себебі айналымы, қызмет көрсеткіштері болмағандықтан, оған ешбір банк заңды тұлға ретінде төмен пайызбен кредит бермейді. Бұл кезеңде оған тек жоғары пайызды кредиттер ұсынылуы мүмкін. Кәсіпкерлерге жеке кепілдіктік қамсыздандыру жетіспей жататын кездер жиі кездеседі.

- Бүгінгі таңда өңірдің инвестициялық тартымдылығы көп сөз болып жүр. Сіздің ойыңызша, Мақтааралдың шағын және орта бизнесі жүзеге асыратын жобалар инвестициялық жағынан қаншалықты тартымды?

- Ауданымыздағы шағын және орта бизнесті инвестициялық тұрғыдан тартымды деп атауға болады деп санаймын. Егер бұрындары барлығы саудаға талпынған болса, қазір өндірістік процестермен айналысатын көптеген компаниялар, шағын және орта фирмалар, ЖК ашылып жатыр. Бұл өте маңызды. Консультация сұрап келген әрекет етуші кәсіпкерлер арасынан ешқайсысы жабылған жоқ. Барлығы да жұмыс жасап жатыр, өз бизнесін дамытуда, өсуде.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер