«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дайын пәтер немесе салынып жатқан үйден алу: клиент үшін талас

2022 жылғы 20 Мамыр
8388 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Қазақстанда «Болжамды монополист тесті» алғаш рет өткізіліп жатыр. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындарына 1 маусымға дейін құрылыс саласына қатысты бірнеше сұраққа жауап беру ұсынылады.

 Сауалнама мақсаты – Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттікке Қазақстандағы құрылыс нарығын талдауға неғұрлым дұрыс деректерді ұсыну. Деректерді құрылыс басталғаннан бастап, тұрғын үй пайдалануға берілгенге дейінгі кезеңде қарау.  Сондай-ақ, бастапқы және қайталама тұрғын үй нарығының ұсыныстары арасында сатып алушының таңдауына қандай себептер әсер ететінін және таңдау мен сатып алу процесінде артықшылықтар неге өзгеруі мүмкін екенін түсіну. Сауалнамаға сілтеме төменде берілген.

Бұл сауалнама Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу жөніндегі әдістеменің 14-тармағын орындау шеңберінде (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 741 бұйрығымен бекітілген) Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумағындағы тұрғын үйді өткізудің тауар нарығын зерттеу аясында жүргізіліп жатыр.

Әдістемінің 14-тармағына сәйкес, тауар нарығын бақылау және экономикалық-статистикалық есептер «болжамды монополист тесті» рәсімін қамтиды. Олардың нәтижесі негізінде алмастырылатын тауарлар анықталады.

 «Болжамды монополист тестін»  жүргізу кезінде (тауар нарығының тауарлық шекараларын айқындау үшін) қаралып жатқан тауарға болмашы, бірақ айтарлықтай және ұзақ мерзімді (1 жыл және одан көп) бағаның өсуі орын алады деп болжанады. Зерттеудің уақыт аралығы бойында сақталатын бәсекелестіктің өзге де тең жағдайларында (бұл ретте инфляцияның әсері алынып тасталуы тиіс) бағаның 5-10%-ға көтерілуі деп танылады.

 Сауалнама және деректерді талдау барысында сатып алушылар көрсетілген бағаның өсуі нәтижесінде қарастырылып отырған тауарды басқа тауарлармен алмастыруға немесе ауыстыруға ниет білдіретіні анықталады. Сондай-ақ, сату көлемінің төмендеуі орын алғаны немесе алдағы уақытты орын алатыны анықталады.  Бұл бағаның өсуін сатушылар үшін қолайсыз етеді.

Сауалнама Нұр-Сұлтан және Алматы қалалардың бөлінісінде бірнеше сұрақты қамтиды.

Сауалнама әкімшілері: бизнес-реттеу және бәсекелестікті дамыту департаменттері, «Атамекен» ҰКП құрылыс департаменті:

 

 Сауалнамаға сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf-EiiQfJHpvtlNNkQKfym4M_lRO3VxvlFvyzlqr-e-5iTLMA/viewform?usp=sf_link

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер