«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығына ие болған кәсіпорындар аталды

2021 жылғы 07 Желтоқсан
5764 просмотров

Бүгін, 7 желтоқсанда ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты барысында жыл сайынғы «Ұлы дала елі» сыйлығының жеңімпаздары анықталды.

Жеңімпаздар үш кезеңде анықталды. Бірінші кезең – өтінімдерді қарау, екінші – комиссия мүшелерінің өндіріске баруы қорытындысы бойынша бағалауы. Үшінші – қоғамдық онлайн-дауыс беру. Дауыс беру нәтижесінде 3 компания «Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену құқығына ие болды:  

 - «Mega Smart» ЖШС (Шымкент қ.);

- «Имени Амангельды» ЖШС (Атырау облысы);

- «Антинген» ғылыми-өндірістік кәсіпорын» ЖШС (Алматы облысы).

Байқаудың негізгі мақсаты – отандық тауар өндірушілер мен  экспортқа шығарылатын жоғары сапалы отандық өнімдерді «Ұлы дала елі» ортақ бренді арқылы насихаттай отырып,  шетелде  еліміздің танымалдығын  барынша арттыру.  «Ұлы дала елі» ортақ бренді  – халықаралық нарықтарда елімізді танытып жүрген үздік отандық тауар өндіруші компанияларға беріледі.

Қатысушыларға қойылған критерийлер;

- өнімнің бір түрін өндірудің жалпы көлемінің кемінде 10% көлеміндегі экспорт үлесі;

- тауарларды өндіру, қызметтерді көрсету кезіндегі жергілікті қамту үлесі (кемінде 30%);

-халықаралық бизнес-қауымдастықтарға мүшелік;

- лицензиялардың, рұқсаттардың, патенттердің болуы;

- халықаралық марапаттардың, дипломдардың болуы;

- бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша қаржылық емес есептілікті жариялау тәжірибесінің болуы.

Өткен жылдардың жеңімпаздары:  http://www.ulydalaeli.kz/ru/index.html


Еншілес ұйымдар

Серіктестер