«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

2021 жылғы «Іскер» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

2021 жылғы 07 Желтоқсан
45627 просмотров

ҚР Президентінің «Алтын сапа» 15-ші мерейтойлық сыйлығын марапаттау аясында «Ickep» сыйлығы және «Бизнес Кемелділік» байқауы, сондай-ақ ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «Үздік сынақ» ынтыландыру сыйлығы, «АруАна» бизнесте тану» сыйлығының гран-при атағы және Qazaqstan Project Management Awards -2021 ұлттық байқаудың жеңімпаздары анықталды.

 «Іскер» сыйлығы Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысушылар арасынан өз қызметінде табысқа қол жеткізген, өз тауарын үнемі жетілдіруге және оның сапасын жақсартуға ұмтылатын компанияларға беріледі. Байқауды 2015 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП тағайындады.

Ірі кәсіпкерлік субъектілері:

«КазФерроСталь» ЖШС  (Алматы қ.).

Орта кәсіпкерлік субъектілері:

 Aluminium of Kazakhstan» ЖШС (Алматы облысы).

«САПА СУ» ЖШС (Ақмола облысы).

«DANMARD» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.).

 «Балмұздақ» (Түркістан облысы).

Шағын кәсіпкерлік субъектілері:

«Best Meat» ЖШС (Алматы облысы).

«Sultan Palase Hotel» ЖШС (Атырау облысы).

«Елена»  тігін өндірісі» ЖШС (Алматы қаласы)

«ЭКОпром Павлодар» ЖШС (Павлодар облысы).

 Сыйлық жеңімпаздарының бірі  «DANMARD» ЖШС атқарушы директоры Дилара Сандыбаева компанияның өсу мүмкіндігі бар екенін және «Іскер» сыйлығы  одан әрі дамуға ынталандыратынын атап өтті.

«Нарықта біздің компания 12 жылдан бері шатырлар, әскери киімдер мен жабдықтар, шұлықтар тігумен айналысады және біз өз өндірісімізге сенімдіміз. Осы жылдар ішінде өнім сапасын арттырып, еңбек жағдайларын жақсартып келеміз. «Алтын сапа» сыйлығын алғымыз келді, бірақ сәл жетпеді, бәсеке жоғары. Кәсіпорнымызды талдадық, біз тағы да «Іскер» сыйлығының ғана емес, «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты болуға тырысамыз», – деді компанияның атқарушы директоры Дилара Сандыбаева.

 «Бизнес Кемелділік» – «Деловое совершенство» сыйлығының лауреаттары  «Бөрте Милка» ЖШС (Түркістан облысы), «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы) болды. Сауда және интеграция министрлігінің ынталандыру сыйлығын ведомство басшысысы «Agro Lab» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы) табыстады. «Ару Ана» гран-приін Шымкент қаласы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева иеленді.

Тағы бір наградалар легі Qazaqstan Project Management Awards -2021 ұлттық байқауының қатысушыларына берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер