«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарда 795 кәсіпкер Ashyq жобасына кіруге жеңілдетілген алгоритм бойынша QR-код алды

2021 жылғы 02 Тамыз
- Павлодар облысы
3488 просмотров

 2021 жылдың 2 тамызына өңірдің 1809 бизнес субъектісі QR-код алды. Оның ішінде 979 субъект алғашқы 7 күн бойы сынақ режимде жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш infokazakhstan.kz сайтында өтінім беру процедурасы жеңілдеген соң қатысушылар саны күрт өскенін көрсетеді.

Бұл туралы Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов мәлімдеді.

 «29 шілдеде ҚР Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды, онда Ashyq қатысушысының QR-кодын алу алгоритмі жеңілдеді. Енді тәртіптің өзгеруі арқылы кәсіпкерлер жобаға оңай қосыла алады. Осыған дейін жобаға қосылуға 9 күн жұмсалатын, қатысуға өтінім беру және жобаға қосылуға 2 күн кететін. Ары қарай нысан 7 күн бойы сынақ режимде жұмыс істеген. Осылайша жеңілдетілген алгоритм бойынша 795 кәсіпкерге QR-код берілді. Егер 28 шілдеде жобадағы қатысушылар саны 1014 субъект болса, бүгінде қатысушылар саны 1809 адамға жетті», – дейді Серік Сәдуақасов.

Айта кету керек, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы бойынша бизнестің 100-ге жуық саласы жұмыс істеуге мүмкіндік алды: сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, қоғамдық көлік, санаторийлер, қонақ үйлер, мейрамханалар, білім беру ұйымдары.

Кәсіпкерлер жобаға кіру бойынша барлық ақпаратты Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы және оның моноқалалар мен аудандардағы филиалдарынан ала алады.

ӨКП байланыс орталығы: 8/7182\ 66 03 11 ішкі: 5502, 5510,  ұялы телефон: 8 771 173 43 42, 8 777 317 99 99


Еншілес ұйымдар

Серіктестер