«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Жанды сабақтар»: тиімді жоба жалғасын табады

2021 жылғы 14 Қаңтар
6472 просмотров

Жобаның ауқымын кеңейту және бірыңғай тәсілдемелерді әзірлеу мақсатында «Атамекен» ҰКП алаңында Жобалық кеңсе құрылады. Бұл алаң мүдделі тараптар: мәдениет және спорт министрлігі, білім және ғылым министрлігі, «KazakhTourism» ҰК» АҚ, бизнес-қоғамдастық, әкімдіктер мен мектептерді біріктіреді

 «Жанды сабақтар» пилоттық жобасы Ақмола облысы, Жамбыл облысы және Түркістан облысы және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында сәтті іске асты. Әзірге үш бағыт таңдалған, олар бойынша 6-8 сыныптарда оқитын 655 оқышуға тарих, физика және биология пәндері бойынша сабақтар ұйымдастырылды.  

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның айтуынша, пилоттық жоба аталған жобаны ел ауқымында іске асыруда туроператорлар тап болған қиындықтарды көрсеткенін айтты.

 «Жоба мақсаты – өткен сабақты іс жүзінде бекіту, оқушылардың ой-өрісін кеңейту. Пилоттық жоба қызықты өтті, біз осы жобалар жалғасын тауып, оқу бағдарлмасының негізіне енгізілгенін қалаймыз. Мысалға, физика пәні шеңберінде ҚТЖ музейіне бару. Осы тәжірибенің таралуын масштабтау үшін жобалық кеңсе қажет. Жобалық кеңсенің әр мүшесі жобаның дмауына өз үлесін қосуы қажет деп санаймыз. Мәселен, Мәдениет министрлігі музейлермен бірлесіп,  балалардың келуіне қолайлы нысандардың тізімін құрып, олардың дайындығын тексере алды. Өз кезегінде ҚР БҒМ «Жанды сабақтарды» қолдануға болатын пәндер мен сыныптарды анықтай алады. «Атамекен» баруға болатын бизнес нысандардың тізімін ұсынуға дайын. Жұмысқа атсалысуға дайын кәсіпорындар көп, атап айтқанда «Родина» агрофирмасынан бастап, «Ембімұнайгаз» сынды кәсіпорнында интерактивті оқу орталығы бар кәсіпорындарға дейін. Бұл нысандар кәсіби бағдар жұмысын жүргізуге өз алаңдарын ұсынуға дайын», – деді Юлия Якупбаева.

Жоба жұмысындағы маңызды мәселе – гидтер мен экскурсия жүргізушілерді дайындау. Бұл жұмысты туроператорлар қолға алады.

 «Экскурсия жүргізушісіне сабақ тақырыбын түсініп алу керек, өйткені пилоттық жобаны іске асыруда музейдің экскурсиясы мен тақырыпты баяндауда алшақтық барын анықталды. Бізде, мысалға Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұр-Әлем» музейінде экскурсияны музей маманы жүргізді, салдарынан күтілген тиімділік болмады. Жоба аясында біздің алдымызда нақты сынып, нақты пән, нақты тақырып тұр. Жобада бастысы осы үш принципті ұстану керек, сондықтан гидтерді дайындау маңызды, өйткені экскурсиялық сабақтар оқу бағдарламасына сәйкес келуі тиіс», – деп атап өтті

«Қала туризмін дамыту орталығы» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Верницкая.

«Жанды сабақтар» жобасын іске сәтті асыру үшін қаржыландыру, барлық операторларға бірыңғай талап керек, бастысы – барлық ведомстволардың мектеп пәндеріне сәйкес экскурсиялық бағдарламалар жасауға дайындығы, деп санайды спикер.

Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев мектеп оқушылары «Рухани Жаңғыру» және «Туған елге тағзым» бағдарламалары аясында экскурсиялық турлар өткізіп жатқанын атап өтті.

 «Жанды сабақтар» бастамасы жақсы және оны терең зерделеп, талқылап, дайындық деңгейімізді анықтау керек», – деп жауап берді ҚР БҚМ өкілі.

 Кездесуге қатысушылардың пікірінше, мектеп мұғалімдері мұндай сабақтарды қосымша дайындықсыз өткізе алмайды.

«Егер мұғалім экскурсия жүргізгісі келсе, онда ол экскурсия жүргізуші курсынан өтіп, содан кейін осы жұмысқа қатысуы керек. Өйткені экскурсия автобусқа отырған сәттен-ақ басталады және экскурсияның негізгі нысанына ауысқан кезде экскурсияшы балаларды үнемі осы процеске қатыстыруы керек», – деді « Алтын керуен» туристік орталығының директоры Альбина Веймер.

 «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ іс-шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Даниель Сержанұлы мектеп мұғалімдерін экскурсияларды арнайы дайындықсыз өткізуге тарту – туризм қағидаларын бұзады деген ойда.

«Салалық заңда турларды кім ұйымдастырып, өткізетіні нақты көрсетілген. Бұл жұмысты кәсіпқойларға қалдырайық. Біздің түрлі даму бағдарламаларымызда туризм ара-тура бар, бірақ бәрін бір жобаға жинап, бәрін шешу үшін жүйелік мәселелерді жинауымыз керек. Жоба аясында мектептер мен туристік компаниялардың өзара іс-қимылын пысықтау қажет. Ол үшін біз барлығын жобалық кеңсесінің алаңына жинағымыз келеді», - деді Даниэль Сержанұлы.

 Туроператор Ирина Клиновицкая жобалық кеңсе және стандарттарды әзірлеу аясында оқушылардың сыныптан тыс экскурсиялар мен «Жанды сабақтарға» мұғаліммен бірге сапарларының арасындағы айырмашылықты ескеруді сұрады.

«Жоба аясында қысқа мерзімді сапарлардан бөлек, ұзақмерзімді сапарлар да болуы керек, осы тұста бізге көлік, тамақтандыру және орналастыру мәселелеріне жақсылап зер салу керек. Өйткені іс жүзінде жауапкершілігі төмен жеткізушілер, мысалға балаларға жарамсыз тамақ әкелуі мүмкін. Сондай-ақ бір экскурсия бірнеше сабақты үйлестіруді немесе басқа өңірге шығу мәселесін де қараған абзал», – деді  Ирина Клиновицкая.

Осы жиын барысында өңірлік туроператорлар «Жанды сабақтар» жобасын қалыптастыруға пәнге байланысты үлкен әлеует барын атап өтті.

 «Жидебай» мемориал кешеніне экскурсиялық сабақтар міндетті түрде ұйымдастыру керек. Кешен Абайдың 175 жылдығын атап өту аясында толығымен жөндеуден өтіп, турситерді қабылдауға дайын. Сондай-ақ, Катон-Қарағай аймағында сіз Берел қорғанына барумен тарих сабақтарын өткізе аласыз, Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық технологиялар орталығына физика мен химия сабақтарына баруыңызға болады», – деді ШҚО-дан келген «Тогас Тур» туристік фирмасының директоры Сымбат Рамазанов.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков жоба балалардың дамуына деген қажеттілігін көрсетті және Министрлік «Жанды сабақтарды» басқа аймақтарда өткізуге қолдау көрсететіндігін атап өтті.

 «Өкінішке қарай, пандемия салдарынан «Жанды сабақтар» жобасын бірқатар өңірде өткізу мүмкін болмады. Жағдай тұрақтанғаннан соң біз «Жанды сабақтарды» ШҚО-да Абайдың 175-жылдығы асяныда «Жідебей» кешенінде, Қарағанды облысында Алтын орданың  750-жылдығы аясында Ұлытауда өткізуді қолдайтын боламыз. Басқа өңірлерді де қарастыруға дайынбыз», – деді Дастан Рыспеков.

«Атамекен» ҰКП мамандары барлық мүдделі тараптар «Жанды сабақтар» жобасын кеңейтуге өз кандидаттары мен Жобалық кеңсенің жұмысына қатысу туралы ұсынымдарын ұсын   алатындығын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер