«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қостанайлық бизнесмендерге Германияда өтетін тегін тағылымдамаға бару ұсынылды

2020 жылғы 12 Тамыз
- Қостанай облысы
5623 просмотров

Мұндай мүмкіндікті мемлекет «Іскерлік байланыс» жобасы шеңберінде ұсынып отыр. Жобаға жылдық орташа айналымы 5000 АЕК-тен асатын, экономиканың басымдыққа ие салалаларында қызмет ететін кәсіпорындардың топ-менеджерлері қатыса алады. Сондай-ақ Кәсіпкерлер палаталары жанындағы «Бизнес-Мектеп» курсын өту туралы сертификат немесе Назарбаев Университеті жанындағы «ШОК топ-менеджментін оқыту» құралынан өту туралы сертфиикаттың болуы міндетті

 Іріктеуден өткен кәсіпкерлер Германияға бара алады. Төрт апталық тағылымдама барысында қатысушылар өз салалары бойынша неміс кәсіпорындарына барып, өндіріспен танысады, нақты басқару мәселелерді зерттеп, технологиялар трансферті, жабдық сатып алу, тауар, жұмыс және қызметтерді өзара жеткізу, франшиза алу және бірлескен кәсіпорындар құру бойынша жеке іскерлік байланысты нығайтады.

 «Іскерлік байланыс» құралы «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асыралады. Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың төртінші тоқсанында Services.Atameken.kz  сайтында басталады. Кандидатуралары мақұлданған кәсіпкерлер келесі жылы тағылымдамаға бара алады. Тағылымдаманы өту форматы Германияда, сондай-ақ Қазақстанда карантиндік шаралардың шешілуіне қарай іске асырылады», – деді Қостанай ӨКП Қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Сұнқар Сұлтанов.

 Толық ақпарат: http://ds-atameken.kz/.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер