«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

2020 жылғы 05 Шілде
3478 просмотров

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді 6 шілде – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіздігіміздің айнасы мен мәйегі болған елорда күннен-күнге көркейіп, арқа төсінде шоқ жұлдыздай жарқырап келеді.

Бас қала іргесінің берік, келешегінің жарқын болуында әр қазақстандықтың үлесі бар деп білеміз. 
Қадірлі отандастар, биыл пандемия салдарынан бас қаланың төл мерекесін лайықты деңгейде атап өтпесек те, осындай айтулы күнде ешқандай қиындықтарға қарамастан бірлігі жарасқан, даму мен көркеюге ұмтылған ел екенімізді естен шығармайық. 

Мәңгілік елдің мәңгілік жүрегі – елордамыз гүлдей берсін! 
Ізгі ниетпен, «Атамекен» ҚР ҰКП


Еншілес ұйымдар

Серіктестер