«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Нұр-Сұлтанда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу маусым айында басталады

2020 жылғы 25 Мамыр
- Астана қаласы
5010 просмотров

Биыл карантиндік шараларды ескере отырып, кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу «Atameken Academy» платформасында онлайн форматында 10 маусымнан басталады.

 Жобаға  жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызметкерлердің жекелеген санаттары, соның ішінде:

 -ауылдық жер, қалалар, сондай-ақ моно және шағын қалалар тұрғындары;

- медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбекке жарамды деп танылған немесе олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін мүмкіңдігі шектеулі жандар;

- зейнет демалысына дейінгі 50 жастан асқан адамдар;

-жастар, соның ішінде NEET санатындағы қыз-жігіттер;

-аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері;

- ҚР «Қазқстан Республикасында зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» ҚР заңының 11-бабы 1 тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген ауыл шаруашылығы кооперативтері, зәкірлік кооперацияларды қоса алғанда шаруа және фермерлік қожалықтар мүшелері;

-қоныс аударғандар мен оралмандар.

 Оқу мерзімі 21 күннен аспайды, оқу соңында сертификат беріледі.

  Онлайн-оқуға тіркелу үшін құжаттар көшірмесімен қоса өтінішті Жұмыспен қамту орталығына өткізу керек. Жұмыспен қамту орталығы үміткердің жобаға сәйкес келуін анықтаған соң, оқуға жолдама береді.

 Оқу жолдамасын алған соң оқу тобына тіркелу үшін Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасына хабарласу керек.

 Жеке басты куәландыратын қажетті құжаттар көшірмелері және Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен қоса өтінішті онлайн түрінде мына сілтеме арқылы беруге болады

 Толық ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан білуге болады, мекенжайы: Б.Момышұлы, 2/11 және Қошқарбаев д-ды, 29, 2-қабат,  телефон: 8 (7172) 53-77-19.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер