«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік сатып алулар, салық және мамандар – Президент бизнестің негізгі мәселелерін атады

2020 жылғы 24 Қаңтар
8030 просмотров

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атамекенге» Үкіметпен бірлесіп, әр субъект бойынша мониторинг жүргізудің арнайы ақпараттық жүйесін дайындау жұмыстарын аяқтауды тапсырды

 «Негізінде бизнесті көлеңкеден шығару міндеті тұр. Бизнес ашық жұмыс істеуі керек, сұр схемаларға қарсы күресу қажет. Осы мақсатта бізге салық саясатын жетілдірген жөн. Мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін жеңілдету маңызды. Мен «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай терезесін құруды тапсырғанмын. Осы жұмысты алғашқы жартыжылдық ішінде аяқтау қажет», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.  

 Президенттің айтуынша, бизнестің сұр схемадан ашық жұмыс істеуге өтуі үшін салық практикасын жетілдіріп, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру қажет.

 «Бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін жоғарылату маңызды. Бүгінде мониторинг әр субъектіге талдау жасалмай жүргізілуде. Мемлекеттік қолдау кейде күмәнді жобалар: жанармай құю станциялары, сауда үйлеріне жұмсалады. Әкімдіктер, өңірлік кәсіпкерлер палаталары осы проблематиканы қатаң бақылауға алуы тиіс», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Салық салу мәселесіне келетін болсақ, бұл жерде – ашық және прагматикалық салықтық-бюджеттік саясатты құру міндеті тұр, аталған саясат отандық кәсіпкерлерді қорғап, өткізу нарықтарына қолжетімділікті береді, сонымен қатар қазақстандық өнім сапасының өсуіне ықпал етеді.

 «Иә, біз микро- және шағын бизнесті салық төлеуден босаттық, бұл әлеуметтік және саясаи тұрғыдан қабылданған шара болды. Бірақ жаппай босату ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін», – деді Мемлекет басшысы.

 Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев тексерулерге қойылған үшжылдық мораторий ақылды реттеуге өтуге мүмкіндік береді, бүгінде аталған сала сапалы қайта жүктеуді қажет етеді.

 Мемлекет басшысының пікірінше, бүгінде түбегейлі өзгерістерді талап ететін тағы бір сала – жоғары білім беру.  

 «Педагогикалық жоғары оқу орындарына негізінен төмен үлгерімді түлектер түседі. Нәтижесінде біліктілігі төмен мамандар шығады. Ситуацияны түбегейлі өзгерту қажет. Бізге жаңа форматтағы педагогтарды дайындайтын оқу орындары керек. Дипломдарды сататын жоғары оқу орындарынан құтылу қажет. Бұл мәселені биыл шешу керек», – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде басымдыққа ие міндеттердің бірі – бизнестің мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділігі бойынша жұмысты жалғастыру. Айта кетелік, бүгінде сатып алулардың басым бөлігі бір көзден әдісімен жүргізіліп келеді.

 «Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету, электронды технологияларды енгізу талап етіледі. Осы мәселеге қатысты Үкіметке 1 мамырға дейін есеп беруді сұраймын (...) Мемлекеттік сатып алулар көптеген нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі. Олар қайталанады, оларға өзгерістер енгізіледі. Бірыңғай заң және бірыңғай платформа қажет. Жұмыстың бір бөлігі ғана орындалған», – деп атап өтті ҚР Президенті.

Түйткілді мәселелерді талқылауды жалғастыру, нақтырақ айтсақ, Мемлекет басшысы қойған  негізгі міндеттерді шешу бойынша Үкімет және әкімдіктер жұмысының алғашқы нәтижесімен танысу көктемге жоспарланған.

 «Сөгіс жариялау – тиімсіз жол. Сондықтан Үкімет мүшелері мен әкімдіктерге осы олқылықтарды реттеуге мүмкіндік беремін. Бүгін берілген тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен орындау қажет. Көктемде артылған міндеттерді іске асыра алмаған лауазымды тұлағаларды қызметтен босату бойынша мәселеге қайта ораламыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын аяқтап.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер