«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бастау жобасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясындағы «Бастау» жобасы

«Бастау» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасының мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты кәсіпкерлікпен айналысуға тарту арқылы ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру. 

Кәсіпкерлік негіздерін оқуға қатысушылар – ауылдық елді мекендерде, аудан орталықтарында тұратын, жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген/тіркелмеген жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін іс жүргізіп отырған кәсіпкерлер (бизнесінің тіркелгеніне 3 жылдан аспауы керек).   

Оқыту бағдарламасының базалық негізі 12 модульден, яғни салық салу режимдері туралы, осы саладағы заңнама туралы, бизнес ашу үшін талап етілетін бағыттар маркетингі негіздерінен тұрады. Бұдан басқа, оқыту курсы барысында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуде, бизнес-жоспар жасауда және қаржы алуда көмек көрсетіледі.

«Бастау» жобасын жүзеге асыру географиясы

«Бастау» жобасы 2017 жылдың сәуір-қараша айларында (6 кезең) 14 облыстың 80 ауданында іске қосылды. Курсқа қабылдау ай сайын. 

 

Нысаналы көрсеткіш 15 000 ауыл тұрғынын оқытып, бизнестің 3 000 жаңа субъектісін ашу (KPI – 20 пайыз). 2018 жылдан 2021 жылдарда нысаналы көрсеткіш екі еселенеді: оқыту – 30 000 адам, жаңа бизнес-жобаларды іске қосу – 6000. 
Қазіргі таңда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша нысаналы көрсеткіш 100%-ға орындалды. 2017 жылы еліміздің 80 ауданында 15 000 адам оқытылды.  

Алты кезеңнің қорытындысы бойынша, оқу барысында 15 000 адамның ішінен 8285 қатысушы өз жобаларын әзірлеп, облыстық комиссия алдында қорғады, бұл оқығандардың жалпы санынан 56 %-ды құрайды. Солардың 3314-і – бизнестерін ашты/кеңейтті.

Бизнес ашу және кеңейту саны бойынша KPI оқығандардың жалпы санынан, яғни 3000 адамнан 20%-ды құрайды. Қазіргі уақытта 100 % орындалды. 

8285 бизнес-жоба бизнестің келесі салаларына жатады:
- АӨК (мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы) – 80%;
- бизнестің ауылшаруашылық емес түрлері (ұсақ қайта өңдеу, қызмет көрсету саласы және басқа да бағыттар) – 20%;

Әр жоба орташа алғанда 1-ден 4-ке дейінгі жұмыс орнын ашады. 

Бизнес-жобалар сол аудан мен өңірдің қажеттілігіне орай, бірқатар бизнес-тренердің маркетингілік зерттеулері бойынша әзірленеді, сондай-ақ бизнес-жоспарлар аудандардың мамандандырылу картасына қайшы келмейді.

Бизнес-жобаларды салалар бойынша бөліп талдау мал шаруашылығының ауыл тұрғындарының арасында сұраныста екенін көрсетті. Осы бағыт (ірі қара мал, жылқы шаруашылығы, қоян өсіру, құс шаруашылығы) 80% үлесті алып отыр. Аталған сала бойынша ең көп үлес (46%) ірі қара мал өсіру еншісінде.

  • етті тұқымды ірі қара малы (бордақылау) – 20%, 
  • етті-сүтті тұқымды ірі қара малы (репродукция) – 45%,
  • сүтті тұқымды ірі қара малы (ет және сүт өндіру) – 35%.

 

Оқуға қатысушыларды сипаттау: 

Гендер бойынша 2-диаграмма. Оқуға қатысушыларды гендер бойынша бөлу (%)

 

«Бастау» жобасы бойынша оқуға қатысушылар арасында орта жастағылардың саны басым: 30-49 жастағылар – 51,2% және 50-57 жастағылар – 16,5%.

«Бастау» жобасына жастар белсенді тартылды, 27,7% – 17-29 жас санатының өкілдері.

Бизнесті табысты жүргізудің жарқын мысалы – «Бастау» арқылы кәсіпкерліктің қыр-сырына үйренген Дарьин ауылының 19 жастағы тұрғыны Артур. Өз ісін 13 жасынан бастаған оның бизнесін кеңейткені соншалық, қызмет көрсетудің бірқатар саласында монополист болып үлгерді.

Жас кәсіпкер Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Дарьин ауылында туған және сонда тұрады. Артур шағын істен бастады: ата-анасы кілем тазалайтын арнайы жабдық сатып алған болатын, ол көп ойланбастан қарапайым үй шаруасын кішігірім бизнеске айналдырды.  

Содан кейін ауылда шағын көлік жуатын орын ашты. Жоба бойынша оқығаннан кейін, келгендер машинасын жуып қана қоймай, моншаға да түсе алатындай қоғамдық монша мен сауна ашқысы келеді. Осы іске жылына 6%-бен 3 миллион теңге алды. 
 

 

 


Жаңалықтар

Барлық жаңалықтармен танысыңыз

Сұрақ-жауап

Еншілес ұйымдар

Серіктестер