«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшылығы

 

 

Қабыштаев Нұрлан Орынбасарұлы

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы


Нұрлан Қәбіштаев 1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Білімі жоғары.

 С.Демирел атындағы университетті (экономика бакалавры), Женеваның МВА бизнес-мектебін бітірген.

 Еңбек жолын 2009 «Еуразиялық банкі» АҚ-тың несие бөлімінде, 2010 жылы – Түркияның «Сыртқы сауданы басқару» Экономика министрлігінің экспорт/импорт бөлімінде тағылымдамадан өтуші ретінде бастаған.

 2011-2021 жж. – «КПМГАУДИТ» ЖШС Аудиторлық департаментінің 1-санаттағы ассистенті.

2013 жылы «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ 1-санаттағы менеджері.

2013-2015 жж. – ОҚО ӨКП Экономикалық талдау және инвестициялық жобалар бөлімінің директоры.

2015 жылы – ОҚО ӨКП бас директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.

2015-2017 жж. –   «ҚАЗЫНА ЖЕР LTD» ЖШС Басқарушы директоры.

2017-2018 жж. – «SYNERGY AGRO TRADE» ӘКК Тең құрылтайшысы/Төрағасы.

2018-2019 жылдың наурызына дейін – Алматы қаласы ӨКП Аппарат жетекшісі

 Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, түрік тілін меңгерген.

Әкенов Қайрат Алшерұлы

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының құқықтық сұрақтар бойынша директордың орынбасары


Акенов Қайрат Алшерұлы 1978 жылы туылған.

ОҚО аймақтық гуманитарлық институтын заңгер мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек өтілін 1998 жылы «Қазақстан темір жолы» РМК филиалында-«Шымкент» қаржы-экономикалық орталығында» заң кеңесшісі жұмысынан бастаған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК »АҚ жүйесінде заң кеңесшісінен бастап, заң секторының меңгерушісіне дейін 15 жыл қызымет атқарған.

2010 ж. 2013 ж. дейін  Оңтүстік Қазақстан облысындағы  Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының «Атамекен» одағында  заң кеңесшісі, құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі бас сарапшысы.

2013-2017 жж- сарапшы, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің басшысы.

2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін - «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» кәсіподақтар аймақтық қауымдастығының төрағасының орынбасары.

2017 жылдың тамыз айынан бастап ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық сұрақтар бойынша лоынбасары қызметінде.

Үйленген, екі баласы бар

Дармен Данияр Мұсаұлы

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының экономикалық сұрақтар бойынша директордың орынбасары


Дармен Данияр Мұсаұлы 1981 жылы туылған.

М. Ауэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетін «инженер-технолог» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Халықаралық гуманитарлы-техникалық ашық институтын «Заңгер» мамандығы.

Халықаралық халықтар достығы Университеті «инжинер-құрылысшы» мамандығы.

«Алматы Менеджмент Университеті» Шымкент қаласындағы филиалында іскерлік әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын 2007 жылы қабылдау бөлімінің инспекторы, кейін Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық бөлмесінің бастығы ретінде бастады.

2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін  «Дан-СтройПроект» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін  1-ші санаттағы сарапшы, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2018 жылы қаңтарда ОҚО Кәсіпкерлер палатасының экономикалық сұрақтар бойынша директордың орынбасары қызыметінде.

Үйленген, үш баласы бар.

Серіктестер