«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Қаржы академиясы» АҚ базасында «Халықаралық экономикалық университет» АҚ құру туралы

2018 жылғы 06 Қыркүйек
10330 просмотров

 Мемлекеттік қатысумен заңды тұлғаларды құру бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Қорытындылар беру регламентіне сәйкес қоғамдық талқылау мақсатында «Қаржы академиясы» АҚ базасында жарғылық капиталында 100 пайыз мемлекет қатысуымен «Халықаралық экономикалық университет» АҚ құру туралы сұратым жарияланды.

 Орналасу жері – Астана қаласы.

 Қызметету ауқымы: Астана қаласының әкімшілік-территориялық шекарасы шеңберінде.

 Құрылтайшы – «Қаржы академиясы» АҚ

Мақсаты – халықаралық стандарттарға және еңбек нарығы талаптарына сай келетін бірегей жоғары оқу орнын құру болып табылады.

 Төменде «Қаржы академиясы» АҚ базасында жарғылық капиталында 100 пайыз мемлекет қатысуымен «Халықаралық экономикалық университет» АҚ құру туралы ақпарат берілген.

Қызмет ету түрі:

 1) халықаралық және қазақстандық стандарттарға сай («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші»  85.42; 85.32; 85.41) орта,техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейін кәсіптік, қосымша білім беру саласында білім беру қызметін көрсету;

2) қаржы жүйесі органдар мамандарының біліктілігін арттыру және бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 85.59);

3) қаржы жүйесі органдары қызметкерлерн дайындау қайта дайындау («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 85.59);

4) іргетасты, қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен өткізу («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 72.20);

 5) халықаралық келісімдерді әзірлеу шеңберінде бірлескен ғылыми және ғылыми-білім беру жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 72.20);

6) ғылыми-әдістемелік әдебиет, оқылық, оқу құралдарын, сонымен қатар ғылыми-практикалық бағыттағы журналдарды, оның ішінде электронды нұсқаларды шығару («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 58.19);

7) мәдени және білім беру қызметі, Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің халықтарының мәдениеттерін өзара байыту процесіне қатысу, ғылыми білімді тарату және насихаттау («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 72.20);

8)  полиграфиялық, оқу және әдістемелік оқу құралдары, ғылыми басылым, жаңа технологиялар мен ғылыми әзірлемелердің өндіру мен жүзеге асыру («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 58.19);

9) «Жалпыға білім берудің жалпыға міндетті білім беру стандарттары» негізінде білім беру, ғылыми, педагогикалық және әдістемелік қызмет салаларында өз Ережелерін әзірлеу және апробациялау және енгізу және басқа да нормативтік құқықтық актілер («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 85.42);

10) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу, спорт секцияларын ұйымдастыру («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 85.51);

11) ғылыми, консультациялық және ақпараттық-маркетингтік қызмет көрсету («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 85.60; 72.20);

12) тауарлардың сатып алу-сату мәмілелері, соның ішінде жеткізу шарттары («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 47.78);

13) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жалдау қызметі («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 68.20);

14) консультациялық және консалтингтік қызмет көрсету («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 68.20);

15) тамақтандыруды ұйымдастыру саласында қызмет көрсету («Экоомикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 56.29)

 16) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 43.29);

17) сыртқы экономикалық қызмет («Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» 47.99)

 18) аталған жарғы мен ҚР заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қызметтер.

 Құрылмақ нарық субъектісінің жарғылық капиталы 120 250 000 (жүз жиырма миллион екі жүз елу мың) теңгені құрайды.

 

 Компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 120 250 (жүз жиырма мың екі жүз елу) дана, оның ішінде жалғыз құрылтайшымен төлеуге жататын қарапайым акциялар саны 120 250 (жүз жиырма мың екі жүз елу) дана. Заңды тұлға орта кәсіпкерлік субъектісіне жатады.

Жасалған нарық субъектісі жүзеге асыратын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұраныстың жалпы көлемі туралы ақпарат – 1 жылы – 1000 студент 500 000 000 теңге, 2 жылы – 2000 студент – 1 100 000 000 теңге, 3 жылы – 5000 студент – 2 500 000 000 теңге.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер