«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Неміс сапасына назар аударуда

2018 жылғы 25 Шілде
- Шымкент қаласы
8419 просмотров

Германияда тағылымдамадан өту кәсіпкердің өз ісіне деген көзқарасын түбегейлі өзгертті

Шымкенттік кәсіпкер Сержан Серікбаев іріктеуден өтіп, «Іскерлік байланыстар» бағдарламасының қатысушысы болды. Өңірлік Кәсіпкерлер палатасымен белсенді түрде жұмыс істеген ол, бірнеше ай бұрын бизнес негіздерін үйретіп қана қоймай, шетелдік бизнесмендермен жеке кездесуге мүмкіндік беретін «Іскерлік байланыстар» мемлекеттік бағдарламасы туралы біледі.

Сержанның негізгі мамандығы дене тәрбиесі мұғалімі, көп жылдар бұрын мектептен кетіп, «Рахат» зауытының өнімдерін саудалаған. Бірақ өткен жылы ол өзінің «Бал Тохаш» компаниясын ашып, кондитерлік өнімдерді шығара бастады. Кәсіпкер нарықтың осы саласында бәсекелестік жоғары екенін түсініп, ерекшелену қажет екендігін ойлайды.

Сержан Серікбаев өзі мойындағанындай, «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға оны компаниясын модернизациялауға және заманауи жабдықтарды сатып алуға деген ұмтылысы итермелеген. Алғашында кәсіпкер оқудың бірінші кезеңінен өтіп, содан кейін неміс тарапының шақыруымен құрамында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елінен 20 адамнан тұратын қатысушылар Германияға тәжрибеден өтуге аттанды. Кельн қаласында олар бір ай бойы жетекші неміс компанияларының тәжірибесімен танысты.

«Біз 70-150 жылдық тарихы бар неміс зауыттарында болдық, – дейді Сержан. – Мен сүт өнімдерін өндіруге арналған жабдықты өндіретін Trubatec GmbH компаниясы өндірістің тиімділігіне таң қалдым. Үлкен фабрикада бәрі автоматтандырылған, онда тек бірнеше жұмысшы ғана бар».

Шымкенттік кәсіпкерінің өзіне ашқан алғашқы жаңалығының бірі- бұл жабдықты дұрыс орналастыру.

«Өндірістің тиімділігі жабдықтың қалай орналастырылғанына байланысты. Онда неміс зауыттарында өндірістік алаңдар арасында қажетсіз ағымдар жоқ, бұл да уақытты талап етеді. Енді мен станоктарды дұрыс орналастыру және жұмыс орнын қалай жабдықтау керектігін білемін», – дейді кәсіпкер.

Қазір ол, өз компаниясының көбінесе бұзылып, істен шығатын, нәтижесінде жұмысшылар кондитерлік өнімдерді қолдан пісіруге мәжбүр болатын қытайлық жабдықтарда жұмыс істемейтіндігіне сенімді. Бұл өндіріс көлеміне әсер етеді. Сержан Ресейде (неғұрлым арзан) құрастырылатын неміс жабдықтарын сатып алуды жоспарлап отыр, ол бұл туралы тәжірибеден өту кезінде жеке кездесулерде келіскен.

Оның айтуынша, неміс өндірушілері әлемнің барлық дерлік елдеріне жеткізілетін, өздері өндірген жабдықтарды үнемі қадағалап, олардың жұмысына кепілдік береді.

«Мен бизнесті басқа жолмен құру керек екенін түсіндім - жақсы технологиямен жұмыс істеу керек. Бірінші кезекте мен болашақта өнімнің және персоналдың сапасын жоғарылатып, бұрынғыға қарағанда мүлдем өзгеше қағидаттар бойынша таңдайтын боламын. Бұл бізге Германияда оқу кезінде де үйретілді », – деді Сержан Серікбаев.

«Кәсіпкердің пікірінше, «Іскерлік байланыстар» бағдарламасына қатысудың басты пайдасы - бизнеске деген көзқарасын түбегейлі өзгертіп, ой-өрісін кеңейту. Қазір Сержан басқа кәсіпкерлерге бизнес жүргізудің шетелдік тәжірибесін өз көздерімен көріп, бұның ақпараттылығын, тиімді және қызықты, сонымен қатар, белгілі бір пайдалы байланыстар орнату мүмкіндіктерін айтып, шақыруда.

«Қатысушылардың көбісі бұл бағдарламаның өз бизнестерін жақсартуға және кірісті барынша арттырып, істеріне жаңа көзқараспен қарауға, даму стратегиясын қайта құрылымдауға көмектескендігін айтуда. Оқыту бөлігінен басқа, бағдарламаның негізгі артықшылығы - кәсіпкерлер өздерінің қарым-қатынас шеңберін кеңейтіп, бірлесіп жұмыс жасау үшін болашақ серіктестер табады», – деп атап өтті ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Лаура Тілеубердиева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер