«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің жаңа төрағасы тағайындалды

2018 жылғы 20 Ақпан
- Шымкент қаласы
7537 просмотров

Заңгер Мелес Дайынұлы Сейітжанов Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің жаңа төрағасы болып тағайындалды.

Мелес Сейітжанов Қарағынды қаласындағы КСРО ІІМ Жоғарғы мектебін бітіргеннен кейін, 1983 жылдан 1997 жылға дейін Қарағанды қаласында КСРО ІІМ ​​жоғары мектебінің оқытушысы және Ішкі істер министрлігінің және ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің түрлі жедел-тергеу және басқарушылық лауазымдарында қызмет етті. Отставкадағы милиция полковнигі.

1998 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, «Лекс-Сервис» адвокаттық кеңсесінің басшысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының Президиумының мүшесі болып сайланған. Заң ғылымдарының кандидаты.

2014 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің мүшесі.

2018 жылдың 25 қаңтарында ҚР «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің шешімімен Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің мүшесі болған кезінде Мелес Сейітжанов Кеңестің өткен барлық отырыстарында белсенді қатысып, нәтижесінде 30-дан аса кәсіпкерлік субъектілерінің күрделі жүйелік мәселелері оң шешімін тапты.

Мысал ретінде, «АвтоНұр» базары аумағында көші-қон полициясының іс-әрекеттеріне шағымдану, қорқытып алу себептерінен кәсіпкерлер құқықтарын қорғау, нысандар салу кезінде мемлекеттік органдарының өкілеттігін асыра пайдалануы, мемлекеттік мекемелердің басшыларының өкілеттіктерін асыра пайдалануы, жергiлiктi атқарушы органдардың қолданыстағы жер заңнамасындағы бұзушылықтары және бірқатар басқа да жүйелі мәселелер.

Құқықтану саласында үлкен тәжірибесін ескере отырып, қарар қабылдау кезінде Мелес Сейітжановтың ұсыныстары жиі қабылданады.

Ол тәжірибеден өтіп жатқан заңгерлердің Шымкент қаласы тұрғындарына тегін құқықтық кеңестертер мен көмек көрсететін «Халықтық заңгер» акциясының ұйымдастырушылары мен қатысушыларының бірі болып табылады.

Ол басқарып отырған кеңселердің адвокаттары заңды тұлғалардың құқығын қорғау кезінде оң нәтижелерге жетіп отырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер