«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ОҚО жолаушы тасымалдаушыларына жоғары талаптар қойылған

2018 жылғы 16 Ақпан
- Шымкент қаласы
13553 просмотров

Шымкенттік шенеуніктер жолаушылар тасымалы нарығындағы барлық компанияларға бірдей көзқараста болмай шықты

Қалалық жолаушылар тасымалы саласындағы әкімшілік кедергілер кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің көшпелі отырысында талқыланған басты тақырып болды. Бұл жолы Кеңес ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінде өтті.

Кеңес мүшелерінен басқа, жиынға ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «Диспетчерлік қызмет орталығы» ЖШС, «Южавтотранс» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі өкілдері қатысты.

Тасымалдаушылардың мәселелерін талқылау даулы болды және кейде Кеңестің құзыреттілігінен де шығып жатты. Бірақ Кеңес мүшелері өз мақсатынан ауытқымай - осы саланың жүйелік мәселелерін шешуге тырысты. Қаралған мәселелер  кем дегенде үшеуі: қаланың әкімдігі тасымалдаушыларды автобус компаниялары үшін талаптары жоғары шарттар жасауға мәжбүр етіп,  автобус паркін негізсіз жиі жаңартылып тұруын талап етіп қана қоймай, диспетчерлік қызметпен келісім жасасуға итермелейді екен. Соңғы сұраныс тасымалдаушылардың наразылықтарын тудырған.

Осы мәселенің тарихына оралсақ, Шымкенттің әкімдігі 2006 жылы диспетчерлік қызмет көрсету бойынша - Шымкент қаласының әкімдігінің 100% қатысуымен «Диспетчерлік қызмет орталығы» ЖШС құрды. Бұл GPS-навигаторларымен жабдықталған жолаушылар автобустарының қозғалысын тұрақты бақылауға  арналған. Диспетчерлік орталық GPS навигаторларды «KazITServise» ЖШС ІT-компаниясынан айына бір автобус үшін 300 теңгеге жалға алған. Осылайша 30 адамға өз қызметкерлерін толтырған Диспетчерлік орталық әр күн үшін бір автобусқа GPS-навигатор қызметтерін 130 теңгеге үстемелеп сатқан! Күн сайын қаладан 1090 автобус шығатынын ескерсек, пайда көлемін есептеу қиын емес. Сонымен қатар қалалық жолаушылар көлігі департаменті ДҚО-мен келісім-шарт жасасуға мәжбүрлейді.

Бірақ, осы оқиғадағы ең қызықты нәрсе, 2015 жылы «ДҚО» ЖШС жарғылық капиталының 51 пайызын жеке тұлға А.Жұмаділовке тапсырған болатын. Енді тасымалдаушылар өздері айтып кеткендей, осы ДҚО қызметкерлері заңсыздықпен айналысады: олар маршруттарды аралап  бұзушылықтар іздейді, автокөлік иелерінің қатысуынсыз актілерді рәсімдеп, ақыр соңында, нарықтан өздеріне тиімсіз көлік жүргізушілерді шығарып, өздеріне  мойынсұнғыш компанияларды қалдырады екен.

Кеңес мүшелері ақылға қонымды сұрақ қойды: барлық тасымалдаушылар жұмыс істейтін Жұмаділов деген кім? Тасымалдаушылардың өздері түсіндіргендей, бұл қалалық әкімдіктің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы орынбасары екен.

«Сонда біздің ең үлкен саудагерлеріміз шенеуніктер  болып шықты ғой», - деп атап өтті Кеңес төрағасы Мелес Сейтжанов. – Кім? Қандай негізде, қандай есеп бойынша ДҚО-тың  осы бағасын қойған? Егер жолаушылар тасымалы қауымдастығының төрағасы айтқандай, компаниялар мұндай шарттарға қол қоймаған, онда мұндай талаптар қайдан пайда болуы мүмкін? Шындығында, біздің қалалық билік  өз іс-әрекеттерімен компаниялардың жойылуына ықпал етуде!».

Кеңесте қаралған тағы бір жүйелік мәселелердің бірі - тасымалдаушыларға шенеуніктер тарапынан қойылған жоғары талаптар. Бұл автобус компанияларымен типті емес келісімдер жасасу арқылы жүргізіледі. Палата бұл мәселені бірнеше рет облыс прокуратурасымен бірлесіп көтеріп, 2014 жылы Шымкент қаласының әкіміне бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілген болатын.
Қала әкімдігі ҚР Үкіметі бекіткен 2011 жылғы 27 маусымдағы № 716 қаулысына сәйкес,  жолаушылар тасымалын ұйымдастыру туралы келісім шартты типтік шартпен сәйкестендіруі керек болатын. Бірақ бұл талап орындалмады. Әкімдік келісім-шарттарға мәжбүрлі түрде қол қойдыруда. Мәселен, олардың келісімшарттарының талаптары: «ұзындығы 8 метрден кем емес автобустарды пайдалану», «шарт жасасқан күннен бастап 180 күн ішінде жаңа автобустар сатып алу» және т.б. Бұл тармақтардың барлығы типтік шарттарда көрсетілмеген. Бұдан басқа,  шарттың типтік фомасында 1-қосымшасында  көліктің жаңаруының заңдылығы қызмет ету мерзіміне байланысты екендігі атап өтіледі. Автобустың қызмет ету мерзімі - 7 жыл.

«2006 жылы  қалалық әкімшілік автобус паркін жаңарту тапсырмасын берген соң,  мен 36  Оңтүстік Корея автобустарын  несиеге алдым, 2010 жылы маған тағы да көліктерді жаңартуға  мәжбүрлеп,  10 жаңа автобус сатып алдым,- дейді  «КиУ» ЖШС Өтебай Тойбол. – 2013 жылы қала әкімшілігі көлік паркін жаңарту үшін қайтадан талап қойған соң  мен бас тарттым, содан кейін менің бағыттарымды алып қойды. Қалған екі бағыттың тағы біреуін беруге мәжбүрледі. Бұл мен үшін өте қатты соққы болды, өйткені менің 168 млн несиемді төлеуім керек, ал бір бағыттағы  автобуспен мен бұл қарызды қалай өтей алам?»

Ө.Тойболдың оқиғасы жалғыз мәселе емес. Бүгінгі таңда бірқатар тасымалдаушылар айтуларынша әкімдік тарапынан қысымға ұшыраған. Олар әкімдіктің жолаушылар тасымалы жұмысында осындай қиын жағдайлар туғызып, әдейі бөгет келтіріп тұрғандығын айтады. Автобустар бағыттардан алынып, жүргізушілер бәсекелестерге кеткен - барлық осы сәтсіздіктерге олар жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімін  кінәлауда. Кеңестің мүшелері ақылға қонымды сұрақ қойды: кейбір түсініксіз компаниялар неліктен байқауларсыз және көліктік базасыз жасаған бұзушылықтарына қарамастан бағыттарды алуға құқығы бар? Жолаушылар тасымалы нарығында 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар басқа компаниялардың кішігірім кемшіліктерінен бағыттарын алып,  ал олардың жарты бөлігі нарықтан кетуге мәжбүр болуда? Неліктен барлық конкурстық процедураны адами факторды алып тастап, электронды түрде неге өткізбейді?

«Қалалық әкімдіктің көлік бөлімінің жұмысы биліктің және басқа да қадағалау органдарының бақылауынан шығып қалғандай көрінеді. Қаланың әкімдігі жолаушылар тасымалы нарығындағы барлық жұмысшыларға бірдей көзқараста емес екендігі айқын. Мен Палатаға бұл мәселе туралы қала әкімін хабардар етуді ұсынамын », - деді Кеңес мүшесі Владимир Накишбаев.

«Санжар-Моторс» автобус компаниясының директоры Елікбай Тоқбергенов бірнеше рет ОҚО-ның үздік тасымалдаушысы деп танылған компаниясына қалалық көлік бөлімінің келісім-шартпен қарастырылмаған негізсіз талаптары жұмыс жасауға мүмкіндік бермейтініне наразы. Кездесу барысында тасымалдаушы Кеңес мүшелеріне және қалалық билікке былай шағымданды: бізге көмектеспей ақ қойыңыздар, тек келісімшарттың шарттары бойынша тыныш жұмыс жасап несиелерімізді төлеуге мүмкіндік беріп  және бағыттарымызды алып қоймаңыздар.

Кеңесте қаралған барлық мәселелерге Кеңес мүшелері келесідей қорытынды жасады: айтылған барлық фактілер бойынша облыстың прокуратурасы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті тарапынан өте маңызды тексерулерді ұйымдастырып, сондай-ақ, осы бөлімшелердің өкілдерімен бұрынғы өткізілген бағыттар бойынша қызмет көрсету байқауларына талдау және бақылау  жасау үшін жұмыс тобын құру қажет.
ОҚО Кәсіпкерлер палатасына көлік туралы қолданыстағы заңнамаға және жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелеріне қатысты ұсыныстар енгізу ұсынылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер