«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы Пәкістан елшілерімен кездесті

2018 жылғы 12 Ақпан
- Шымкент қаласы
3114 просмотров

Оңтүстік Қазақстан мен Пәкістан арасында сауда-экономикалық байланыс одан әрі нығая түспек

ОҚО Кәсіпкерлер Палатасында Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдул Салик Ханмен кездесу өтті.

 Кездесуде Ислам Республикасының елшілері Шымкент қаласында пәкістандық тауарөндірушілер көрмесін өткізу жоспарлары туралы сөз етілді. Сондай-ақ елшілер Пәкістандық кәсіпкерлердің  оңтүстіктің  кәсіпкерлерімен В2В форматында  кездесуді ұйымдастыруды сұрады. Екі ел арасында қарым- қатынас жөнінде сөз қозғалып, экономикалық байланыс пен өзара әріптестікті талқылады. 

«Бүгінде екі ел арасында сауда-саттық жолдары дамып келеді. Сондықтан мен алдағы күндері Оңтүстікке  картоп, мандарин және манго өнімдерін көптеп жеткізгім келеді. Бұл бастамаға өзім кіріссем деймін»-деп атап өтті Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдул Салик Хан.

    Пәкістан тарапы оңтүстік өңірмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Өйткені, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас өзара әрекеттесудің жоғары деңгейінде дамып келеді. Біздің елмен Пәкістан Ислам республикасындағы тығыз қарым-қатынас тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда-ақ басталған. Содан бері 26 жыл. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 54,5 млн АҚШ долларына жетті. Пәкістанның бізден алғанынан гөрі, бергені көп. Экспорт 2,3 млн. АҚШ доллары болса, импорт көлемі 52,2 млн АҚШ долларын құрайды. Пәкістаннан Қазақстанға келетін тауардың басым бөлігі -негізінен тоқыма бұйымдары. Дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар, мандарин, картоп және кондитерлік бұйымдар да импорттың үлесін арттыруда. Бізден Пәкістан нарығына темір, құрыш бұйымдары, рапс тұқымы, машиналық құрал-жабдықтар жөнелтіледі. 

Облыстық тауарөндірушілері тәжрибе алмасу мақсатында,  Ислам Республикасында өтетін форумдар мен көрмелерге қатысуға құлшыныстарын білдірді. Мамыр айында өткізу жоспарланып отырған пәкістандық тауарөндірушілер көрмесіне Палата срапшылары өз тарапынан көмек көрестуге әзір.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер