«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Соттар мен бизнестің тиімді ынтымақтастығы

2018 жылғы 11 Қаңтар
- Шымкент қаласы
9368 просмотров

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық сот бірлесіп жұмыс жасауға келісті

Бизнес пен сот құрылымдары кәсіпкерлік қызметке байланысты туындаған сотқа дейінгі және соттан тыс дауларды шешу институттарын дамытуға және нығайтуға бірлесе күш жұмылдыруға ниеттеніп отыр. Осындай келісімге келген ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық сот  ағымдағы жылға бірлескен жұмыс Жоспарына қол қою арқылы ортақ ниеттерін растады.

Қол қойылған құжат кәсіпкерлік қызметке қатысты істерде сот практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеуді көздейді. Палата, өз тарапынан, кәсіпкерлердің өз қызметінде ең көп жіберетін типтік қателіктерін талдауға және жүйелеуге ниетті. Бизнес-қауымдастық пен облыстық сот бірлесе отырып, Жоғарғы Соттың қолданыстағы нормативтік қаулыларында өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

«Мысалы, бизнес қатысуымен сот істері практикасындағы даулы сұрақтар бойынша: жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кіріс органдарының, кедендік даулар, мемлекеттік сатып алу саласында, банкроттық жағдайлар және т.б. істерді талдау жүргізіледі. Қылмыстық істер бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу себептері мен жағдайлары анықталатын болады. Осы талдаудан  соң сот тәжірибесі көрінетін болады, ал заңдардың белгілі бір нормалары бойынша реттелетін бир типті істер кездескен жағдайда, кәсіпкерлер бұл істің соңы қандай нәтижеге әкелетін алдын-ала білетін болады. Мүмкін, бұл тараптардың бейбіт келісімге келуіне әкеледі», - деді ОҚО сотының төрағасы Талғат Баратбеков.

Талғат Баратбеков облыстық соттың  аймақтағы медиацияны дамытуға көп көңіл бөлетінін, бітімгерлік рәсімдерін және дауларды шешудің балама әдістерін, оның ішінде арбитраж, медиация, бейбіт келісімді кеңінен қолдануға болатынын атап өтті. Өйткені, сотта жиі екі жақты келісімдер арқылы шешуге болатын істер көптеп келіп жатады, сот төрешілерін бұдан да маңызды, мұхият тексеруді қажет ететін істерге аса ден қоюына мүмкіндік береді. 

«Осылайша кәсіпкерлердің өз уақыттарын үнемдеуге мүмкіндіктері бар, себебі олар сотқа дейінінгі реттеу барысында, медиация арқылы сот шешімін күтпестен мәселелерді шеше алады. Әрбір сотқа жүгінген мәселелер кәсіпкерлікке қатысты қиындық болып табылады, ол белгісіздікпен, ұзаққа созылған сот процестерімен және елеулі шығындармен байланысты », - деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров.- Сондықтан, дауларды сотқа дейінгі реттеу мақсатында «Атамекен» ҰКП-ның Арбитраждық орталығы бар, оның өкілдері біздің  облыста да жұмыс жасайды.»

Кәсіпкерлерге бітімгерлік рәсімдердің артықшылығы мен жүргізілу барысын тұрақты түрде түсіндіру қажет, бұл кездесу барысында атап өтілді және бұл жұмыс бірлескен күш-жігермен жалғасатын болады. Соттар түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға дайын.

 


 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер