«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қарсы тұру аркасы

2017 жылғы 03 Сәуір
- Шымкент қаласы
8366 просмотров

Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігі әлеуметтік қақтығысқа әкелді

Жергілкті атқарушы органдардың әрекетсіздігі салдарынан бизнесмендер шығынға батыр жатыр. Бұл мәселе ОҚО ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қоғау кеңесінде талқыланды. Палатаға 11 жер қойнауын пайдаланушы-кәсіпкерден топтық шағым келген.  Олар Йассауи көшесі бойында «Сайрам» тұрғын үйінің тұрғындары жасаған арканы алып тастауға көмек беруін өтінген. Өйткені бұл жол 1000 адам еңбектеніп жатқан 11 кәспорынға апаратын жалғыз жол. Былтыр жолға күрделі жөндеу жасалып, тұрғындар жүк көліктерінің жүруіне қарсылық танытып отыр. Олар жүк көлігі өте алмайтындай арка орнатып, сол арқылы 11 кәсіпорын жұмысына кедергі жасаған.

Осы мәселе бойынша Кәсіпкерлер палатасы Шымкент қаласының прокуратурасы мен әкімдігіне бірнеше рет хат жолдаған. Қаратау ауданы прокурорының арканы алып тастау туралы шешіміне қарамастан атқарушы органның ешқайсысы, не көлік басқармасы, не әкімдік тиісті шара қолданбаған.  Мәселе әлі шешілмей тұр. Осының салдарынан кәсіпкерлер шығынға батып, мемелекет қазынасына салық төленбей, қызметкерлер жалақысыз отыр.

Тұра осындай мәселе Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылындағы «Асфальт» компаниясында орын алып отыр. Көктемнен бастап жергілікті тұрғындар жүк көліктері жүруіне тосқауыл жасап отыр. Осылайша компания құм мен шиыршық тасына баратын бағытта қиындық көруде. Бұл мәселе атқарушы органдардың компанияға тас, топырақ, құм алатын жер учаскесін дұрыс бөлмеуінен болған. Ұзақ келіссөздерден кейін 2016 жылдың желтоқсанында Кәсіпкерлер палатасы жер учаскесін ауыстыруға әкімдіктің шешімін алған. Алайда кәсіпкерге әлі жер учаскесі берілмеген.

 «Kazgoldfish» компаниясы өкілдері атқарушы органдардың тарапынан орын алып отырған қағасбастылықтан шаршағандықтарын жеткізді. Компания балық шаруашылығын ашқысы келген, «КазСуШар»  компаниясымен  Бәйдібек пен Созақ аудандарында балық өсіру үішн келісімшартқа да отырған. Жобаға 110 млн теңге қаржы құйылған. Бұл жұмысқа әкімдік рұқсат беру керек. Алайда бір жарым жыл бойы әкімдік  байқау өткізетін комиссия құрамын бекітуге  рұқсат бермей келеді. «Сылтау біреу – атқарушы орган мамандары жұмыстан кетеді, басқа маман келіп, шаруаға кіріскенше 2-3 ай тағы өтеді. Комиссия құрып, байқау жасауды әлі жасай алмай отырмыз», – дейді ӨКП директоры орынбасары Ғазизбек Натбаев. Палата бұл мәселе бойынша да әкімдікке тиісті хаттар жолдаған. Бірақ нәтиже жоқ.

Кеңес отырысында арканы алып тастау бойынша әкімдік пен прокуратураға қайтадан хат жолдау туралы ұсыныс жасалды. Бұл түйіткілде кәсіпкерлер мен тұрғындар арасындағы қарым-қатынас шиеленіп кетпес үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне де хабарлама беру де ұсынылды.

«КазСуШар»  мәселесі бойынша Кеңес Палатаға облыс әкімдігімен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хат жолдау ұсынылды.  Осылау жергілікті шенеуніктердің жауапкершілігін бақылау қолға алынбақ.

 Жалпы отырысқа қатысушылар Кеңестің жұмысымен танысты. Кеңес үш жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде өңір бойынша кәсіпкерлердің мәселелері шешіліп келген. 2014 жылдан бастап Кеңестің 17 отрысы өткізіліп, онда 49 мәселе қаралып, оның 29-ы оң шешілген. 9 сұрақ бойынша сәйкес ұсыныстар берілген, 11 сұрақ бойынша шешу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 2017 жылдың 1 наурызынан бастап Кеңес атуы өзгерді, енді ол «Оңтүстік Қазақстан облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңесі» деп өзгертілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер