«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мақта индустриясының келешегі талқыланды

2017 жылғы 28 Наурыз
- Шымкент қаласы
8063 просмотров

Оңтүстік Қазақстан мақта индустриясын қалыптастыруға қауқарлы

Наурыз айында Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай қаласында мақта өсірушілерінің «Жақсартылған мақтаны өсіру бойынша жобаның дамуы» атты ІІ конференциясы өтті.

Шара Қазақ мақта қауымдастығы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы қйымдастыруымен өткізілді. Ауықымды шараға ӨКП, Қазақ мақта қауымдастығы, ОҚО ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов, Қазақтың мақта  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институтының    директоры Ибадулла Үмбетбаев,  ОҚО әкімінің ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары Асан Махамбетов, Мақтарал ауданының әкімдігі, Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit компаниясының қазақсстандық өкілдігі, «Компания Луи Дрейфус Қазақстан», «GIZ», «Jing Xing Mianhua» компаниялары, сондай-ақ жиырмадан астам өңірдің барлық мақта өсіруші ұйымдары мен шаруа қожалықтары өкілдері келді.

Мақта өнеркәсібі Оңтүстік аймақтың экономикасының негізгі салаларының бірі. бүгінде мақта өсіру жақсы қолға алынған. Алайда шикізат өндірілгенмен мақтаны ары қарай өндеу, мата жасау, кәсіпорындар құру, жалпы жеңіл өнеркәсіп мәселесі кенжелеп тұр. Бұл мәселелердің легі жергілікті кәсіпкерді де алаңдатады.

Конференция барысында қатысуышалра мақта өнеркәсібінің өзекті мәселелрі бойынша баяндамалар жасап, бұл саланы жетелдіру бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Сырдария  университетінің экономика және құқық кафедрасының меңгерушісі Бегім Серіков мақта индустриясын тежейтін бірқатар кедергілерді тізді. Оның айтуынша өңірдегі фермалар мен шаруашылықтардың шағындығы, осал материалдық-техникалық база, техникалық әрі технологиялық жабдықталудың жоқтығы негізгі тежегіш факторлар. «Шаруашылықтардың көбінде тіпті жеке тракоры жоқ, қолдағы техниканың барлығы ескі. Кәсіпқой мамандар тапшы», – деді Бегім Серіков.

Өз кезегінде Қазақтың Мақта  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институты мақтаның жаңа сұрыптары бойынша ақпарат жасады. 2000 жылға дейін Қазақстан Республикасында өз отандық мақта сорттары болмады. 2000 жылдан бастап Қазақ мақта шаруашылығы ғалымдары мақтаның отандық бәсекеге қабілетті 12 жаңа сорттары шығарды. Жаңа сорттар 2016 жылы ОҚО жалпы мақта егістік алқабының 89,0%-ында өсірілді.

«Мақта – техникалық дақыл, оған ерекше баптау мен суармалы егіндіктер қажет. Ал мақтану теру – қолдың еңбегі. Облысымызда ауыл шаруашылығын кең ауқымда жаңғырту, оның ішінде мақта өндіру саласын қайта құруды жүргізу, нақты нарықтық тетіктерді ендіру арқылы қазақстандық мақта өндірісін бәсекеге қабілетті және жоғары рентабельді етіп жасау - біздің мақсатымыз», – деді Қазақтың Мақта  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институтының    директоры Ибадулла Үмбетбаев.

Жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің бір ауыздан  айтқан басты мәселе – суармалы жерлердің аздығы, жалпы су тапшылығы. Қазақтың Мақта  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институтының  мен Қазақ мақта қауымдастығы өкілдері өңірдің мақта индустриясын жандандыру үшін суармалы жерлердің өнімділігін арттыру жолдары, гидромодульдік аудандастыру, суармалы алқаптардың егістік құрылымын оңтайландыру (әртараптандыру), егіншілікті биологизациялауды қолға алу керек екнін алға тартты. Бұл бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Кәсіпкерлер мен шаруалар субсидиялау, мемлекеттік қолдау бағдарламалары туарлы сөз қозғап, мақтаны суары бойынша ең қолайлы уақыт кезеңін талқылап, техникалық өсімдікті өсіру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.  «Луи Дрейфус Қазақстан» компаниясының өкілдері өздерінің өндірісі жайлы баяндама жасады. Компания мақта өсіруде, теруде, өндіруде жаңа технологияларды қолданады. Мәселен, компания жұмысшылары 2016 жылы 4 мың тонна жақсартылған мақта өсірген. Бұл 1250 тонна сапасы жоғары мақта талшығына немесе 1 250 000 джинс шалбарына тең.

Шара барысында сонымен қатар, өнімнің сапасы мен қоршаған орта, жер құнарлығына кері әсер ететін зиян пестицидтер мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстардың шамадан тыс қолдану туралы талқылау болды. Айта кетелік бүкіл өңірге ортақ экономикалыұ өндіріс – мақта өнеркәсібіне арналған конференция жыл сайын өткізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер