«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мәселенің шешу жолы анықталды

2017 жылғы 08 Ақпан
- Шымкент қаласы
13797 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына жағымды ақпар жеткізді: олар кедендік шығынның орнына инвестициялық жеңілдіктер алады

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЭА-ның барлық кәсіпорындары жеңілдіктерінен ­– кедендік баж және ҚҚС жоюдан айырылады. Бұл ДСҰ мен ЕАЭО құрамына енумен байланысты. Осыған орай, Кәсіпкерлер палатасында АЭА кәсіпкерлерінің басшыларына түсініктеме берілді.

Қатысушыларға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұстанымы таныстырылды: 

«Атамекен» ҰКП АЭА жұмысын тоқтатқанына дейін кедендік жеңілдіктерді беру қажеттілігіне сенімді, сонда олар өз өндірістерін кеңейтіп, жергілікті үлес көлемін арттырып, оқшаулап және жұмыс орындарын сақтай алады. Сондықтан АЭА қатысушылары үшін жеңілдіктерді сақтау мәселесі ҰКП-ның түрлі алаңында көптеген министрліктердің, қауымдастықтардың және сол кәсіпорындардың қатысуымен бірнеше рет көтерілді. Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қолдаудың балама шараларын жасау жұмыстыры жыл бойы жүргізілді. Түрлі нұсқалар қаралды, оның ішінде әкелінген кедендік баждан төленетін шығынды субсидиялау, энергия қорын жұмсауды субсидиялау және басқалары бар», ­– деп атап өтті АЭА кәсіпорындары басшыларымен кездесуде ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы  ­

Ықтиятты жұмыстан соң келісімге келді: қолдаудың балама шарасы ретінде арнайы инвестициялық келісімшарт енгізілмек, оның аясында АЭА қатысушылары инвестициялық жеңілдіктер ала алады. Осылайша, кәсіпкерлер жоғалтатын соманы сақтап қалуларына болады. Ол үшін АЭА қатысушылары арнайы инвестициялық келісімшарт жасаулары керек.

«Оңтүстік» АЭА аумағында 10 кәсіпорын жұмыс істейді. Барлығы да  тұрақты жеңілдікке сеніп, зауыттар мен фабрикалардың құрылысына қыруар қаржы салды. Енді, инвестициялық жеңілдікті сақтап қалу үшін мүмкіндігінше тез арада арнайы инвестициялық келісімшарт жасау қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер